Оралда Баян Есентаеваның «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабының тұсаукесері болады
18 тамыз күні Орал қаласындағы «Атриум» ОСК-де Баян Есентаеваның «Баян. Өзім жайлы ғана емес» өмірбаяндық кітабының тұсаукесері болады. Кездесу барысында қолтаңба-сессия ұйымдастырылады, қонақтар продюсерге қалаған сұрақтарын қойып, суретке түсіп, қолтаңба ала алады. Шара сағат 19:00-де басталады. Кіру тегін.
«Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабы оқырмандарға танымал продюсер, тележүргізуші әрі актриса Баян Мақсатқызының шынайы өмірін баяндап береді. Автордың айтуынша, өмірбаяндық кітапты жазуға жеке өміріндегі болған жәйттар мен түрлі қауесеттер себеп болған. Ғұмырнама биылғы жылдың шілдесінде қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шыққан.

Айта кету керек, кітапта суретші Динарой Өтелбаеваның иллюстрациялары мен портреттері пайдаланылды.
Кітап тұсаукесері Алматы, Шымкент, Астана және Қырғызстанның Бішкек қаласында болды. «Баян. Өзім жайлы ғана емес» туындысының жалпы тиражы 20 мың дананы құрады.
Превью: SNC Kazakhstan






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін