È

Баян Есентаеваның «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабының алдын-ала сатылымынан фоторепортаж

Баян Есентаеваның «Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабының алдын-ала сатылымынан фоторепортаж

5 шілдеден бастап Баян Есентаеваның «Баян. Өзім жайлы ғана емес» өмірбаяндық кітабы сатылымға шықты. Ғұмырнамасының кітап сөрелеріне ресми түрде жол тартуының алдында продюсер ең шыдамсыз көрермендері үшін алдын-ала сатылым өткізді. Шара «Меломан» дүкенінде өтті және фото мен қолтаңба-сессияға ұласты.

Баян Мақсатқызы алғашқы туындысында өзі жайында, өмірі туралы сыр шертіп, басынан өткен жағдайды баяндап берді. Сондай-ақ, бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен болған кикілжіңнен кейін қалай аяққа тұрғанын да айтып берді.

«Мен осындай балаларымның болғаны үшін тағдырыма ризамын. Бұрынғы күйеуіме де. Басқа еркектен туылған балаларымның қандай боларын білмеймін, дегенмен Айсәуле мен Айару – менің ең тамаша қыздарым. Менің тәрбиемнің арқасы ма, әлде Алланың бұйырғаны ма, қыздарымның рухани мәдениеттілігі жоғары. Олар мені де, әкесін де, қазіргі ғашығымды да кінәламайды, жан-дүниемді түсінеді. Қандай жағдай болса да әрдайым менімен бірге болатындарын және менің ең жақсы ана екенімді жиі айтып жүреді. Анаға бұдан асқан бақыт бар ма?»,-деп жазған кітабында Есентаева.

«Баян. Өзім жайлы ғана емес» кітабының алғашқы оқырмандарының кім екенін арнайы фоторепортаждан көре аласыздар.

Суреттер: meloman.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса