È

«Веном» кассалық жинақ бойынша тағы да алдыңғы қатардан көрінді

11-14 қазан аралығындағы кассалық жинақ

Өткен апта киносүйер қауым үшін жақсы өтті. Айналымға «Жеделсаты», «Менсіз», «Айдағы адам», «Эль Рояль» қонақ үйінде жақсы ештеңе жоқ», «Патрик» картиналары шықты. Олар қанша пайда тапты екен, төменнен оқыңыздар.

Екінші апта қатарынан «Веном» үздіктердің қатарынан табылуда. Аптада комикс кассаны 136 194 974 теңгеге толтырды. Журналист пен симбиоттың рөлін сомдаған актер Том Харди шынында комикстерді көрмейді. Түсірілім кезінде оған Веномның жанкүйері, ұлы Луис Томас Харди көмектесті.

Екінші орынды «Жұлдыз дүниеге келді» иеленді, ол өткен аптада 27 677 100 теңге жинады. Брэдли Купер мен Леди Гаганың жұлдызды дуэті ешкімді бей-жай қалдырмады. Фильмнің тұсаукесерлі көрсетілімі Венеция фестивалінде өтті, содан кейін көрермендер тік тұрып, 8 минуттай қошемет көрсетті. Картинада басты кейіпкердің есірткіні шамадан тыс қолданғанын көрсететін көрініс болатын, бірақ оны кейін алып тастады.

«Жұлдыз дүниеге келді» фильмінен көрініс
«Жұлдыз дүниеге келді» фильмінен көрініс

Айналымның бірінші аптасында 25 239 900 теңге жинаған «Айдағы адам» үшінші орынға түсті. Шынайы оқиғаларға негізделген хикая Universal Pictures студиясымен IMAX камерасына түсірілді. Бұл - Дэмьен Шазеллдің өзі сценарий жазбаған алғашқы фильмі.

«Эль Рояль» қонақ үйінде жақсы ештеңе жоқ» триллері 19 648 500 теңге жинады. Таспа түсірілімі Бернаби мен Ванкуверде өтті. Рөлдерді Крис Хемсворт, Джефф Бриджес, Дакота Джонсон сомдады.

«Сағатты үйдің құпиясы» өткен аптада 13 442 800 теңге жинады. Режиссер Элай Роттың әйелі Лоренц Иззо басты кейіпкердің анасын сомдады. Бұл - қоюшының готикалық бағытта түсірген алғашқы фильмі.

«Сағатты үйдің құпиясы» фильмінен көрініс
«Сағатты үйдің құпиясы» фильмінен көрініс

«Іздеу» кассаны 8 906 800 теңгеге толтырды. Картина Best of next кинофестивалінде көрермендер көзайымы сыйлығына ие болды. Таспаның соңғы жағында, әлеуметтік желіде кейіпкердің белсенді достарын көрсетіп жатқанда, фильм продюсері Тимур Бекмамбетовты байқауға болады.

«Жеделсаты» отандық драмасы өткен аптада 8 139 600 теңге жинады. Режиссер Нұртас Адамбай картинаны 2 аптаның ішінде түсірген. Бұл - оның актер ретінде қатыспаған алғашқы картинасы.

«Өте бай азиаттар» бұл жолы 7 086 390 теңге жинады. Фильмге Джемма Чан, Мишель Йео, Констанс Ву, Соноя Мидзуно түсті.

«Іздеу» фильмінен көрініс
«Іздеу» фильмінен көрініс

«Үйдегі келімсектер» мультфильмінің жинағы 6 828 223 теңгені құрады. Орыс тіліндегі анимацияны Максим Галкин дыбыстады.

«Менсіз» ресейлік картинасы алғашқы аптада 5 422 755 теңге жинады. Фильм 28 күннің ішінде Мәскеуде, Анапа мен Краснодарда түсірілді. Басты кейіпкердің бірін «Мажор» хикаясы арқылы танылған актриса Любовь Аксенова сомдады.

«Қара кландаушы» айналымның екінші аптасында 5 016 000 теңге жинады, ал тамаша мопс жайлы баяндайтын «Патрик» фильмі бірінші аптада 4 895 100 теңгеге ие болды.

 

Кесте кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

 

* Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:19

Веном думаю и будет дальше позицию держать.

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер