È

«Наурыз.kz» комедиясының екінші трейлері

 «Наурыз.kz» комедиясының екінші трейлері. Қазақстан киносы

Желіде «Наурыз.kz» фильмінің екінші ресми трейлері жарияланды. Картина – отандық режиссер Асқар Бисембиннің төртінші толықметражды жұмысы. Кинематографистңғ бұрынңы жобалары - «Адель», «Свадьба на троих» және «Замуж в 30».

«Наурыз.kz» фильмі - бұл бес қызықты новелла, оның кейіпкерлері қарапайым қазақстандықтар. Сиқырлы білезіктің көмегімен олар наурыз мерекесі қарсаңында қызықты жайттарға тап болады. Оқиға қашан қай жерде болатынын осы көктемде біле аласыздар.

«Наурыз.kz» фильмінің түсірілімі

Түсірушілердің айтуынша, картинада көрермен әзіл мен музыкаға баға береді, сондай-ақ көптеген спецэффектілерді тамашалайды.

Ірі масштабтағы жобаның түсірілімі Алматы, Астана және Шымкентте өтті. Түсірілім шамамен бір айға созылды. Оған кәсіби және жас актерлер қатысты: Берік Айтжанов, Жанар Дұғалова, Шәріп Серік, Саят Мерекенов, Жеңіс Омаров, Талғат Кенжеболатов.

Сценарийді жазған Асқар Бисембин, қосалқы авторы Василий Земзюлин және Николай Пак. Картинаның өндірісімен SG production компаниясы айналысты. «Наурыз.kz» фильміпрокатқа 16 наурыздан бастап шығады. Лентаның композиторы - Алим Заиров.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер