È

«Елбасы жолы. Астана» фильмінің қысқы түсірілім уақыты аяқталды

«Елбасы жолы. Астана» фильмінің қысқы түсірілім уақыты аяқталды

Ақан Сатаев «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмінің қысқы түсірілім уақытын аяқтады. Нұрсұлтан Назарбаев жайлы кинокезеңнің алтыншы бөлімінің түсірілімі 2018 жылдың жазында жалғасатын болады.

«Елбасы жолы. Астана» фильміндегі оқиға 1994-1998 ж.ж. аралығында болған. Бұл жылдары Қазақстан президенті астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдайды. Назарбаевтың рөліне театр және кино актері Мұрат Ахманов («Аманат») бекітілді.

Ақан Сатаев пен Марк Кульер «Елбасы жолы. Астана» фильмінің түсірілімінде

Жобаға британдық гример, «Оскар» иегері Марк Кульер өзінің суретшілер тобымен бірге қатысты. Оның жұмыстары - «Темір ханым» картинасында Мерил Стриптің Маргарет Тэтчер бейнесі және «Гарри Поттердегі» Волан-де-Морта образы.

Еске сала кетсек, «Елбасы жолы. Астана» түсірілімі Алматы мен Астанада өткен. Бастапқыда жобаның атауы «Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» болатын.

Суреттер Ақан Сатаевтың жеке Instagram парақшасынан алынды

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер