È

Жайдарбек Күнғожинов: «Біз бәрібір «Таурус» жүлдесін алатын боламыз»

«Nomad stunts» жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов: «Біз бәрібір «Таурус» жүлдесін алатын боламыз»

«Nomad stunts» каскадерлер тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов «Таурус» жүлдесін ұсыну салтанатына қатысты. Қазақстандық каскадерлер «Викинг» Ресей картинасы үшін «Шетелдік фильмдегі үздік трюктер» номинациясы бойынша осы шараға алғаш рет қатысқан еді. Әйгілі жүлдені алуға барлық мүмкіндіктері бола тұра, «Nomad stunts» тобы «Спецотряд «Кобра 11» хикаясына трюк қойған германиялық топтан жеңіліп қалды.

«Бұл жолы «Таурусты» ала алмадық. Оған бір қадам жақын едім. Тек бір жұбататыны, мен ауылда үлкен отбасында туып-өскен қарапайым ғана жігітпін. Қаланы тек 14 жасымда ғана көрдім. Мен өзім сияқты қарапайым «Nomad stunts» тобымен үлкен жол жүрдім деп ойлаймын. Олар қазір үздіктердің үздігі! Менің номад тобыма үлкен рахмет! Бізді әрқашан қолдап жүретін достарымыз бен таныстарымызға алғыс білдіреміз! Барлықтарыңызға рахмет! Біз бәрібір «Таурус» жүлдесін алатын боламыз! Бұл менің мақсатым, оған қалай да жетемін! Әлемдегі ең үздік трюктер жасайтын боламыз! Алға Қазақстан! Мен өз елімді сүйемін! Әлемдегі үздік каскадёрлар орталығында еліміз туралы әлі де айтатын болады! Барлығыңызға мың алғыс!» - деп жазды Жайдарбек Күнғожинов өзінің Facebook-тегі ресми парақшасына.

Жыл сайынғы «Таурус» жүлдесі Әлемдік каскадерлер академиясымен бекітілген және кинодағы үздік трюктерді белгілеуге арналған. Биылғы жылы жеңімпаздарды құттықтау салтанаты Лос-Анджелесте «Paramount» студиясында өтті. Үміткерлердің арасында «Ар-ұят тұрғысынан», «Бірінші кек алушы: Қарсылық көрсету», «Стрэндж дәрігер», «Таңғажайып жетілік», «Капитан Фантастика» және т.б. фильмдерімен жұмыс істеген топтар болды.

Естеріңізге салсақ, Nomad stunts – әлемдегі танымал каскадерлік топ. Олар «Тоқтаусыздар 2», «47 рониндер», «Бахубали» картиналарымен жұмыс істеп үлгерді. Биылғы жылы каскадерлер «Тобол» ресейлік фильмінің түсірілуіне асталысқан болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса