È

Жанна Исабаева: «Отандық кинодағы басты мәселе – қаржыландыру»

Жанна Исабаева: «Отандық кинодағы басты мәселе – қаржыландыру»

Алматыда Жанна Исабаеваның «Шеттетілгендер» фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Жобаның бас продюсері - Әлішер Елікбаев, сонымен қатар Сәкен Өсер мен режиссердің өзі де қаржылай қолдау көрсетті. Сценарий авторлары: Жанна Исабаева, Виктор Немченко.

Оқиға Айғаным мен некеден тыс дүниеге келген ұлының өмірі жайлы баяндайды. Бойжеткеннің отбасы сол үшін кешірмей, одан бас тартты. Ұзақ жылдардан соң, әйел туған ауылына ұлымен бірге оралады, Айғаным туғандарын қайтарғысы келеді, бірақ соңының немен аяқталатынын түсінбейді.

«Шеттетілгендер» фильмінен көрініс
«Шеттетілгендер» фильмінен көрініс

«Осыған дейін мен Жаннаның жұмыстарын білмеген едім. Мен тек оның Facebook-тағы жанкүйері болып, жазбаларын оқып жүрдім. Бір күні ол жазып, сценарий жіберді, мен түсіру керектігін түсіндім. Ол кезде Қазақстанда сұмдық оқиғалар болып жатқан еді», - деді Әлішер Елікбаев.

Идеяны жүзеге асыруға 3 жыл кетті. Жанна Исабаева бұл туралы былай деді:

«Отандық кинодағы басты мәселе – қаржыландыру. Әлішер секілді адамдардың арқасында Қазақстанда тәуелсіз кино бар».

Фильмдегі басты рөлдерді Жанаргүл Жаныаманова, Нышанбек Жұбанаев, Райхан Қалиолдина, Индира Құлмағамбетова, Есім Тұрарбек сомдады.

«Шеттетілгендер» фильмінен көрініс
«Шеттетілгендер» фильмінен көрініс

Түсірілімі Алматы облысы, Кегенге жақын жерде өткен болатын.

«Шеттетілгендер» фильмінің бюджеті 20 000 000 теңгені құрады.

Әлішерге продюсерлік қызметті жалғастыруға қатысты сұрақ қойғанда, ол былай жауап берді:

«Мен не «иә», не «жоқ» демеймін. Егер маған тағы бір нәрсе әсер етсе, көмектесуге дайынмын. Негізі, продюсерліктен кішігірім тәжірибем болған. Маған кинематографшылар жазатын, мен оларға демеуші тауып беретін едім. Ал мына жақта өзімде де осындай мүмкіндіктің барын түсіндім».

«Шеттетілгендер» фильмінің түсірілімінен
«Шеттетілгендер» фильмінің түсірілімінен

«Шеттетілгендер» картинасында әйелдер құқықтарына шек қойылу мен үйдегі зорлықтың жазаланбауы сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Авторлар кейбір көрермендердің таспадан өздерін көріп, сабақ алып, өзгеретінінен үміттенеді. Өйткені, көптеген қазақстандықтар осындай мәселелерге көз жұма қарап, болып жатқан дүниелерді драматизм деп санайды.

Еске салсақ, режиссер Жанна Исабаеваның қоржынында «Света», «Нағима», «Бөпем», «Талғат» сынды картиналар бар. «Света» фильмінде басты рөлді сомдаған Лаура Королева Asia Pacific Screen Awards-та «Үздік актриса» номинациясында бақ сынайды.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:18

Это не только больная сторона, но и фантазия. Наши не прям уж намного хуже. Они снимать умеют наше. Но не то что можно рассказать

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер