È

2017 жылдың желтоқсан айындағы ең көп күтілген 7 фильм

2017 жылдың желтоқсан айындағы ең көп күтілген 7 фильм

Алдағы желтоқсан айы көрермен қалағандай қызықты кино жаңалықтарға толы емес. Комикстерді жақсы көретіндер ес жинаса болады, айдың негізгі фавориті - «Жұлдыздар соғысы» франшизасының жалғасы және бүкіл отбасымен кинотеатрда көруге болатын отбасылық фильмдер. Отандық жұмыстардың арасында «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» және «Қазақша кәсіп Америкада» атты екі комедиямен қатар, «Бөлінбейтін» қызықты дебюті бар. Барлықтарыңызға жайлы көрсетілім мен қысқы көңілді кештер тілейміз.


7. «Бөлінбейтін»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Қазақстан

Жанры: қылмыстық, комедия

Режиссері: Олжас Ахметов

Олжас Ахметовтың «Бөлінбейтін» дебютті толық метрі өте қызықты. Жас режиссер кезінде Квентин Тарантино майын ішкен жанрды - қылмыстық комедияны жарыққа шығаруға еш сескенбеді. Жігерлі трейлер, саспенс, көше бойындағы дәмханада қызығушылықтар мен интеллекттің тоғысуы. Отандық көрермен «Бөлінбейтін» фильмін жылы қабылдайды деп сенеміз. Бұл таспа диалогтардың, қара әзілдің және кейіпкерлердің мінездерін әсерлі бере білген сияқты. Фильмдегі басты кейіпкер – ақша, кез-келген қатысушы иемденуге дайын ірі байлық, таспа твисттерімен, кейіпкерлер психологиясын түсінумен және бейберекет атыспен қуантпақ.

 

6. «Жоғары өрлеу»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Ресей

Жанры: спорт, драма

Режиссері: Антон Мегердичев

«Метро» апатты фильмінің арқасында танымал болған Антон Мегердичев «№17 аңыз» киносының табысын қайталау мүмкіндігіне ие болып, фильм түсіретін болды. Бұл жолы «Жоғары өрлеу» 1972 жылы Мюнхендегі олимпиадада Кеңес Одағының ерлер баскетбол құрамасының тамаша жеңісін қайта көрсетеді. Мегердичевтің фильмі тек жеңіс туралы ғана айтып қоймайды, онда шенеуніктер арасындағы спортқа қатысты даулар, олимпиададағы әйгілі жарысқа қатысты қайғылы оқиғалар – спорттқа жақын емес жандардың өзін қызықтыратыны анық. Танымал ресейлік сценарист Николай Куликов («Экипаж», «№17 аңыз») «Жоғары өрлеуден» бөлек, соңғы жылдардағы ең әйгілі тұсаукесерлі туындылармен жұмыс істеген. Ол көрерменді жанкүйерге айналдыратындай киноны жасауды жақсы біледі.

 

5. «Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Қазақстан

Жанры: комедия

Режиссері: Асқар Ұзабаев

«Махаббат жасқа қарамайды» дейміз ғой, бірақ махаббат ұлтты да таңдамайды екен. Сондықтан, Асқар Ұзабаев Әсел Сәдуақасовамен бірге осы мәселеге әзілмен қарауды ұйғарды.

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» ерекше атауы бар қызықты комедия ата-анасы жақтырмаған әдемі француз жігітіне тұрмысқа шығу үшін басты кейіпкердің қандай қитұрқы әрекеттерге баратынын көрсетеді. Бұл таспада барлығы әдеттегідей емес, сценарий авторлары Әуэз Әуэзов пен Сәбит Рахымбаев көрермендерді қалай күлдіруді және экран арқылы қазақ жігіттерінің ерекшеліктерін көрсетуді жақсы біледі. Иә, олар жалқау шығар, ылғи кешігіп жүретін шығар, мақтаншақ та шығар. Дегенмен, олар махаббатқа лайықсыз деген сөз емес қой. Қазақ жігіттері махаббатқа әбден лайық. Ал сатираның жеңіл түрі ешкімге зиян тигізе қоймас.

 

4. «Жақ!»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Ресей

Жанры: драма

Режиссері: Кирилл Плетнев

«Кинотавр» фестивалінде «Жақ!» жобасын ең алдымен көрермендер бағалады, олар фильмді дауыс беру арқылы құрметті үшінші орынға жайғастырды. Кейін сыншылар да мән берді. Таспаның мән-мағынасы фильм трейлерінен білінеді. Драма мен комедияның байланысы, үлкен актерлік құрам және Инга Оболдина, Виктория Исакова және Татьяна Догилева сынды дарынды актрисалардың адами еңбегі, олардың кейіпкерлер мінезін айқын бере алуы - Кирилл Плетневтің болашақ таспасының факторлары. Режиссер «халықтық» әншілер туралы танымал телешоудың іргетасына айналған классикалық мелодрама саласын зерттеген. Олар бір ғана себептен қызықтауға тұрарлық: «Жақ!» фильміндегі опера әншісі болуға жүрексінген түрме бақылаушының хикаясына сенуге болады.

 

3. «Қазақша кәсіп Америкада»

Жылы / мемлекеті: 2017 / Қазақстан

Жанры: комедия

Режиссері: Жеңісхан Момышев

Былтырғы «Қазақша кәсіптің» табысынан кейін сүйікті кейіпкерлермен бірге жалғасын түсіру ақылға қонымды дүние. Олар Лос-Анджелеске жәй бармайды, штатқа мәселені шешу үшін аттанады. Жомарт қонақүйіне халықаралық бедел алуды көздейді. Алайда, кәсіпкердің тамаша жоспарлары орындалмайды, себебі афроамерикандық, халықаралық инспектордың көңілі толмайды. Сондықтан, Жомарт мәселені шешу мақсатында Америкаға ұшады. Сиквелдің трейлерінен көптеген күлкілі көріністердің болатынын байқаймыз, картинадағы әзілге интернационалдық шектеу жоқ. Жеңісхан Момышев отандастарымыз бен американдықтарды әжуалап, таспадағы барлық көріністерді күлкіге айналдырады.

 

2. «Джуманджи: Орман шақырады»

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ

Жанры: фэнтези, атыс-шабыс, комедия, шытырман, отбасылық

Режиссері: Джейк Кэздан

Джо Джонстонның (жыл картиналарының арасында 10-шы орын) 1995 жылғы «Джуманджи» табысынан соң, Sony ремейк түсіруді ұйғарады. «Джуманджи: Орман шақырады» жаңа таспасында жасөсіпірмдер ақылды, мықты әрі жігерлі кейіпкерлерге айналады. Әрқайсысы өз мүмкіндіктерін барынша көрсетеді. Көрермен өзіне ұнайтын кейіпкерді таңдай алады. Батыл әрі күшті зерттеуші, күлкілі қортық, ақылды профессор және ержүрек епті шабандоз әйел – жаңа жыл алдындағы кездесуге арналған тамаша топ. Олардың хикаялары – үйге бағытталған жол ғана емес, ең алдымен өздеріне таңсық рөлдерге үйрену мүмкіндігі. Достар жолда кездесетін қақпандар мен басқатырғыштарды шешіп, ойынның барлық кезеңінен өтеді.

 

1. «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар»

Жылы / мемлекеті: 2017 / АҚШ

Жанры: фантастика, атыс-шабыс, фэнтези, шытырман

Режиссері: Райан Джонсон

Желтоқсанда шығатын «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедайлар» фильмін Walt Disney Pictures 7 ай алдына, мамырдың соңынан биылғы жылдың жлтоқсан айының соңына қарай ауыстырған еді. «Жұлдыздар соғысы: Күштің жаңғыруы» алдыңғы таспасының бокс-офисі тұсаукесерге қатысты жігер сыйлайды. Жанкүйерлер ғаламторда жаңа кейіпкерлер мен мақұлықтарды қызу талқылап жатыр. Лея тағдыры, көшбасшы Сноук және Финнің немесе капитан Фазм екеуінің қайсысының жеңімпаз болатынын жарыса жазуда. Әлемдегі миллиондаған франшиза жанкүйерлері үшін бұл өлім мен өмір арасындағы басты мәселе. Сценарий бойынша трейлерде пингвинге ұқсаған кішкентай поргтар пайда болды. Басқасы басқа, ал поргтар – Жаңа жылға арналған тамаша сыйлық, ғарыш айлағында бақыт, сәттілік алып келеді.

 

 

Сергей Бутаков

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер