È

«Селфи»: Аваға арналған кино

 «Селфи» фильміне пікір

Сергей Минаев нашар жазушы. Ал туындысының танымалдылығы және үлкен таралыммен жарияланатыны, жазушының қабілетіне байланысты емес, жарнама шеберлерінің кәсібилігінде. Оның шығармалары шынымен де әдебиет шегінде тұр, көбінесе параәдебиет өнімдері болып табылады. Дмитрий Быковтың «Минаев өзі жайлы, өзі үшін, яғни өз жанрында жазады» дегені рас. Егер жақсы жазылса, ешқандай дауа болмас еді ғой. Бірақ, бұл туындысы нашар шықты. «Селфи» («21 ғасырдың Рухless-і. Селфи» романы бойынша) фильміне арнап жазған сценарийі осы жанрдың сапалы элементтері – драматургия, қызықты кейіпкерлер мен ерекше диалогтардан ғана мақұрым қалып қоймай, күрделі процесстер – образ бен астарлы символдық сөздерден ада болып шықты.

Жақсы актерлар (басты рөлдегі Хабенский, оның досы Бондарчук) және талантты режиссер (Николай Хомерики, фестивальға арналған кино мен үлкен қаржылық жобаларды түсіреді) Минаевпен достық қарым-қатынаста болғандықтан және Мәскеудегі «шығармашылық» ортада өз беделін сақтап қалу мақсатында түсірілімге атсалысқан сияқты.

Минаевтың Еуропалық аналогы - Фредерик Бегбедер, дәл солай ішімдікке, әйелдерге, бірінші кезекте өзіне-өзі әуес. Бірақ, француз жазушысы әзілге және келемежге бейім ғой. Ал Минаевта көптеген ресейлік әдебиетшілердегі сияқты, бұл қасиет мүлдем жоқ немесе төмендеп кеткен. «Мінсіз» фильмінің авторы комедия түсіреді, ал «Духlessтің» авторы бұл жолы психологиялық трейлерді қолға алды. «Селфи» фильмінде көптеген тақырыптар мен бөліктер ретсіз орналасқан. Бірақ, бұл әдеби мен кинематографиялық аллюзия төменгі деңгейге құлдырады.

Мысалы, фильмде егіздер жайлы үлкен мәселе бар. Бізге бұл алдымен метафорлы деңгейде беріледі – біз басты кейіпкер Владимир Богдановтың егізі оның жақсы жағы, жаны екенін сеземіз. Яғни, Пушкиннің Германы, Гогольдің «Мұрыны», Достоевскийдің кейіпкерлерімен сарындас. Бірақ, Минаевтың доппельгангері барлығын әдеттегідей жасап, біздің көңілімізді қалдырады. Жазушының да, егіздердің де деңгейінің қандай екені түсінікті. Жазушыға да, оқырманға да ортақ тақырыптар бар. Алайда бұл жерде Минаев Стивен Кингтың және оның «Мизери» романының желісін қайталайтын сияқты. Кейіпкердің қайғысы үлкен емес, бар мәселе қызында және ішімдікте болып отыр. Әдеби және кинематографиялық талғамдардың келіспеушілігі мен жетіспеушілігі автордың үлкен амбицияларына тосқауыл қоятындай. Мұндай фильмдер көрермендерге арналмаған және ұзаққа бармайды. Минаевтың романына негізделген фильмнің «Пікірлер мен лүпілдер үшін» ғана түсірілгенін атауына қарап білуге болады. Дегенмен, фильмде бір ғана лүпіл болса да, автор соған разы секілді.

«Селфи» фильмінің кестесі афишада көрсетілген.

 

Киноға барған Бағлан Құдайберлиев

 

«Бродвей» редакциясы «Селфи» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін Meloman Entertainment пен Lumiera Cinema кинотеатрына алғыс білдіреді

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер