È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Cтатьи
  • Пікірнамалар
  • Жадымызда жатталған жара

Жадымызда жатталған жара

  • 6 Маусым, 2016
  • Айнур
  • 1 829
  • 0
Жадымызда жатталған жара

Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат» картинасын қазақстандық көрермен көп күтті: фильм авторлары және оның дамуына атсалысатындар «Қазақфильм» киностудиясының өкілдері бірнеше рет тұсаукесерін өзгертті, айналымға шығару жұмыстары ұзақ жүрді, туындыға арналған жанраманы да азайтты. Дегенмен, кино әйтеуір шықты-ау. «Аманат» - Орта Азия мен Қазақстандағы тарих ғылымдарының докторы атағын алған тұңғыш тарихшы әйгілі Ермұхан Бекмаханов тағдырын баяндайтын биографиялық драма. Сатыбалды Жәлелұлы тарихи-биографиялық фильмді екінші рет түсіріп отыр: біріншісі көлемі мен тереңдігі жағынан маңызды орын алған, әйгілі қоғам және саясат қайраткерінің қайғылы өмірін суреттейтін «Мұстафа Шоқай» болды. Бірақ «Аманат» жаңа картинасы баяндау жағынан қиындықтарға тап болды: фильм оқиғасы үш уақытты – XIX ғасырдың ортасын, ХХ ғасырдағы 60-жылдардың ортасы мен соңын көрсетеді. Үш тарихи оқиға бір-бірімен байланысып, дамып, бір картинаға тоғысады.

Бірінші желісі жаулармен күресіп жатқан Кенесары Қасымов хан туралы. Екіншісі – негізгі сюжет: көрермен назарына Кенесары өмірі жайында докторлық диссертация жазып жүрген, кейіннен кеңестік кезеңге қарсы ұлттық тамырды насихаттайтын ғылыми еңбегін қорғағаны үшін қудаланған Бекмаханов оқиғасы ұсынылады. Интеллигент әрі оқымысты тұлға Бекмахановтың трагедиялық өмірі махаббат көріністерімен көрсетілген, ол Халида Адамқызы Бекмұхамедоваға ғашық болады. Кейін ол адал жары мен негізгі тірегіне айналады. Фильм қайтпас қайсар адамның жекелігін, достық пен сатықндықты және т.б. тақырыптарды қаузайды. Жобалап қарасақ, Кенесары тарихы – өткен шақ, Бекмаханов тағдыры – осы шақ, ал журналист Рамазан Думан туралы үшінші оқиға – болашаққа бағытталған. Думан (Нарымбетовтың басқа түрі) Бекмахановтың өмірін зерттейді. Ұлы хан мен танымал тарихшы тағдырлары қайғылы жағдаймен аяқталады. Ал дарынды журналист туралы әңгіме жарқын түрде бітеді.

Көлем ерекшеліктері

«Аманат» – артық-кемшіліктері бар үлкен фильм. Көлемді туынды жасалған кезде, техникалық, көркемдік және талғам жағынан қауіп-қатер де көбейеді.

Тарихи-биографиялық драманы жасаған кезде тіпті, әлемдегі мықты режиссерлардың өзі қиындықтарға тап болып жатады. Өкінішке қарай, «Аманат» картинасының авторлары да осындай жағдайға тап болған сияқты. Фильм ұсақ-түйектерге сұрықсыз. Қоюшы суретші Мұхтар Мирзакеевтің кәсібилігі мен талғамының жоқтығы байқалады: сахна көркі, грим және кейіпкерлердің костюмдері - барлығы төмен көркемдік деңгейде жасалған. Байопик жанрында (әсіресе, тарихи) ұсақ-түйек кемшіліктер мүлдем болмауы тиіс. Бір нәрсе дұрыс болмаса, қалған мың жақсыны құртатыны бар. Бұл фильмде кемшіліктер жетеді: 40-жылдары адамдар 60-жылдардағы киімдермен жүр, 70-жылдардағы үй керек-жарақтарын 60-жылдары көрсетіп жатыр, киностудиядағы декорациялар, картон қағазынан жасалған сүйкімсіз пәтерлер және т.б. Ұсақ-түйек болғанымен, көзге ұрып тұрады екен. Тарихты тамашалаудың орнына сондайға мән беріп қоя береміз.

Режиссер таңдаған актерлік құрам да таң қалдырады. Басты рөлдерде тек Қазақстан киносының заманауи жұлдыздары. Бекмаханов пен оның жары Халида Адамқызын Берік Айтжанов пен Қарлығаш Мұхамеджанова ойнайды, Кенесарының рөлін Сатыбалды Жәлелұлы Санжар Мәдиевке тапсырған.

Қосалқы рөлдерде де танымал актерлар ойнайды, олардың ішінде «Мұстафа Шоқай» фильмінде басты рөл сомдаған Азиз Бейшеналиев те бар. Бір қарағанда, мықты актерлік құрам дерсіз. Бірақ, көбісі жақсы ойнамады, фильм талабы на сәйкес, драмалық жоспарды дұрыс орындай алмады. Мұхамеджанова еш өзгермеген, баяғы фильмдердегі секілді өзін-өзі бейнелеп, аздап күліп, қажет мөлшерде көз жасын сығып қояды. Еліміздің басты әдемі актері Мәдиев баяғы қалпы бойынша мықты әрі жігерлі батырды ойнайды, тек бұл жолы хан рөлінде. Бейшеналиев пен Айтжанов ғана өз рөлдерін жақсы алып шыққан. Олардан дәстүрлі актерлік мектепті меңгергені, кинематографиялық және театрлық тәжірибенің бары сезіледі. Осылардың дуэті сол кезге енуімізге себепші болғандай.

Нарымбетовтың режиссерлік бағыты – ескіше, сонымен қатар, классикалық бағыт. Сценарийде де, бірінші кадрдағы ырғақтан да ауыр салмақтылық пен байыптылық байқалады. Картинаның бірден үш мезгілді баяндайтыны таң қаларлық емес. Үлкен суретші халық тарихы мен ұрпақтар тағдыры секілді маңызды тақырыптарды қозғаған кезде, бірсарындылыққа түсіп кету қаупі кездеседі.

Сатыбалды Жәлелұлы – әйгілі режиссер, бірақ ол да осындай қиындықтарға тап болды. Кино бөлшектерден құралады. Автор сондай бөлшектерді (реквизиттер немесе актерлік ойын секілді) ұмытып, тақырыптың маңыздылығын ғана ескерсе, өнер әлеміндегі туынды публицистикаға қарай ойысады. Репрессияға ұшыраған қазақ интеллигенттері тақырыбы туындының көркемдік негізін көлеңкелейді. Бұрын Сатыбалды Жалелұлының картиналары жекелеген оқиғаларды баяндайтын кішігірім шедевр еді. «Жизнеописание юного аккордеониста», «Молитва Лейлы» немесе «Дон Кихот моего детства» фильмдері ерекше белгілерімен, мазмұндылығымен таң қалдыратын. Оларда бір жарық сәуле бар. Ал Нарымбетовтың соңғы шыққан картиналары, әсіресе «Мұстафа Шоқай» мен «Аманат» кемшіліктерге толы, ауырлау.

Ерекшелік көлемі

Бірақ мұның барлығы аса маңызды емес. Картинаны өзі құрылған санат бойынша бағалау қажет. Нарымбетов үшін көркемдік жағы маңызды, әсіресе, тақырыпқа көп көңіл бөлгені көрініп тұр. 30-жылдары кеңес өкіметінің қазақ интеллигенттерін жоюы – ел тарихының ауыр кезеңі.

Олар мықты еді, халықтың ары мен ұяты, әлсіздерге пана болған ақылды әрі шынайы ұлтжандылар - Бекмаханов, Тынышпаев, Досмұхамедов, Бөкейханов, Дулатов, Байтұрсынов. Оларды бірнеше оны жылдықтар бойы құртып келді. Бұл ауыр жара халық санасында мәңгіге қалып қойды. Дәл осыны бізге Сатыбалды Жәлелұлы жеткізді, осы ауырлық фильм кадрынан көрініс тапты. Режиссер үшін тарихқа таңбаланған жараны көрсететін фильм түсіру маңызды болды. өскелең ұрпақтың біліп, түсініп жүруі үшін. Автор дегеніне жетті: картинадан барлығы сезіледі, байқалады.

«Аманат» сөзі қалдырған мұраны немесе кез-келген дүниені ар-ожданмен сақтап жүруді білдіреді. Фильм атауы осығай сай келгендей.

Қалғаны өз еркімізде: көру және мәңгіге есте сақтау.

 

Киноға Бағлан Кұдайберлиев барды

Оцените рецензию

  • 6 Маусым, 2016
  • Айнур
  • 1 829
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама