È

Асылхан Төлепов «Шыңырау» тарихи драмасындағы рөлі жайында

Асылхан Төлепов «Шыңырау» тарихи драмасындағы рөлі жайында

Актер Асылхан Төлепов жуырда көрермендерін «Шыңырау» фильміндегі жаңа рөлімен қуантпақ. Режиссер Жаңабек Жетіруовтың түсірген тарихи драмасы дұрыс жолмен жүретін адамдардың өзі жасап қоятын қателіктер мен айыптар туралы баяндайды.

«Мен «Шыңырауда» құдық қазушының ұлы – Жомартты сомдаймын. Картинадағы бар махаббат желісі кейіпкеріммен тікелей байланысты. Әкесінің айтқандарына қарамастан, ол сүйіктісі Ақмоншақпен бас қосуды ойлайды. Жомарт әкесін тыңдамай, оған сыйластық танытпай, ата-ана алдындағы үмітті ақтамайды. Біздің осы тұрғыда үлкен айырмашылығымыз бар: мен ата-анамды барлығынан жоғары қоямын. Сондықтан, алғашында кейіпкерімді түсініп, образға ену мен үшін қиын болды»,-дейді Асылхан Төлепов.

Картина Маңғыстау облысы, Форт-Шевченко қаласының маңында түсірілді. Түсірілім жұмыстары ағымдағы жылдың сәуірінде басталып, мамыр айының соңында аяқталған. Фильмге Асылханнан бөлек, Алдабек Шалбаев, Зухра Сайпи, Дәулет Әбіш және Мақсат Сәбитов қатысты.

«Менің қатысуымдағы түсірілім екі аптаға жуық созылды. Жаңабек Жетіруовпен бірінші рет жұмыс істеп отырмын және танысқаныма қуанамын. Түсірілім айтарлықтай қиын болды дей алмаймын, барлығы жайлы әрі көңілді өтті. Тек ауа-райы ғана түсірілімге біраз кедергі келтірді: жауын жауды, біресе қатты жел соқты»,-деп қосты актер.

Фильм Әбіш Кекілбаевтың аттас повестінің желісі бойынша «Қазақфильм» киностудиясы негізінде түсірілді. «Шыңырау» экранға алдағы жылы шығады.

Айта кету керек, Асылхан Төлепов үшін аталмыш картина кинодағы бесінші рөлі болды. Алдыңғы рөлдері «Жаужүрек мың бала», «Бауыржан Момышұлы», «Рэкетир 2» картиналарында және «Қыз бен жігіт» фильмінде бір эпизод болған еді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса