È

Бақтияр Байсерік: «Мажорлар» фильмі – менің толық метрдегі дебютім»

Бақтияр Байсерік: «Мажорлар» фильмі – менің толық метрдегі дебютім». Қазақстан киносы

Еліміздің кинотеатрларында элиталы қоғам өкілдерін баяндайтын «Мажорлар» фильмі көрсетіліп жатыр. Басты рөлдердің бірін «Жас Сахна» театрының актері, көрермендерге «Қош келдіңіз» (2016) және «Бригада» (2015) хикаялары арқылы таныс Бақтияр Байсерік сомдады. Әртіс үлкен кинодағы алғашқы рөлі туралы Brod.kz порталына айтып берді.

«Мажорлар» фильмі – менің толық метрдегі дебютім». Картинада мен басты қарсылас Даникті сомдадым. Фильмдегі кейіпкерім арқылы көрермендерге кек сақтамау керектігін және қызғаныш секілді қасиеттерге жоламау қажеттілігін көрсеткім келді. Айта кету керек, жағымсыз кейіпкерді бірінші рет ойнап отырғаным жоқ. Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА қабырғасында оқып жүргенде және театр сахнасында оңбағандардың рөлін бірнеше рет сомдаған едім. Фильмдегі басты кейіпкерлер – үш дос. Олардың мінездері әр түрлі болғанымен, өмір сүру жағдайлары бірдей болып келеді. Дегенмен, өмір ақ пен қара жолақтардан тұрады емес пе?!»,-дейді актер.

«Мажорлар» фильмінен көрініс

Бақтияр Байсерік отандық режиссерлармен бірге жұмыс істеуге әрқашан дайын екендігін айта кетті. Егер алдағы уақытта тағы да киноға түсуге ұсыныстар болып жатса, қуана келісетінін білдірді.

Актердің түсірілім алаңындағы әріптестері Марсель Махмуди мен Әнуар Талғатов, Айым Сейтметова мен Қымбат Кеңесбай болды.

Айта кету керек, «Мажорлар» фильмі - Жәнібек Ғұсмановтың режиссерлік дебюті. Фильм айналымның алғашқы аптасында 6 127 700 теңге жинады.

 

Суреттер Бақтияр Байсеріктің жеке Facebook парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер