È

«Қазақша кәсіп» Google сұранысындағы топтамаға енді

«Қазақша кәсіп» Google сұранысындағы топтамаға енді

Google компаниясы 2017 жылы қазақстандықтардың арасында ең көп сұранысқа ие болған дүниелердің рейтингісін жасады. Сұранысқа ие 10 фильмдердің арасында «Қазақша кәсіп» отандық комедиясы бар.

«Қазақша кәсіп» - продюсер Нұрлан Қоянбаев пен режиссер Жеңісхан Момышевтің дебютті жобасы, картина 2016 жылы жарыққа шыққан. Фильмде Жомарт туралы баяндалады, ол кәсібін тұрақты түрде ұстап тұру үшін әрекет етеді.

Картинаға Жан Байжанбаев, Гүлназ Жоланова, Нұрлан Қоянбаев және Құралай Анарбекова түсті.

«Қазақша кәсіп» фильмінен көрініс

Осы жылғы кинокартиналар арасында қазақстандықтарды «Форсаж 8», «Тор: Рагнарёк», «Оно», «Галактика сақшылары 2», «Кариб теңізінің қарақшылары 5», «Ғажайып әйел», «Зверопой», «Соңғы жауынгер» және «Көліктер 3» фильмдері қызықтырған.

Ал ғаламторда сұранысқа ие болған хикаялардың арасында «Патруль» отандық ситкомы және «Тақтардың ойыны», «Ольга», «Физрук», ««Элеон» қонақүйі», «Көк теңіз аңызы», «Жастар», «Универ», «Шерлок Холмс» пен «Рублёвкадан шыққан полицей» картиналары бар.

Еске салсақ, 28 желтоқсан күні «Қазақша кәсіп Америкада» фильмі айналымға шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса