È

Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлері» Almaty film festival-де көрсетілмейді

Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлері» Almaty film festival-де көрсетілмейді

Отандық «Кәсіпкерлер» фильмі I Халықаралық Almaty film festival кинофестивалінде көрсетілмейтін болды. Алдыңғы жолы картина тұсаукесері фестивальдің жабылуында өтеді деп хабарланған болатын. Ұйымдастырушылардың шешімі бойынша, көрсетілім негізгі байқаудың бүгін белгілі болатын жеңімпаз фильмімен аяқталады.

Almaty film festival – Алматыда алғаш рет өтіп жатқан халықаралық кинофестиваль. Көрсетілім 15 қыркүйекте басталды және бүкіл әлем кинематографшыларының басын қосты. Фестивальдің қонақтары мен қатысушылары - француз продюсерлері Пьер Спенглер және Марк Рускар, неміс актрисасы Настасья Кински, ресейлік режиссер Сергей Бодров, продюсер Гүлнар Сәрсенова, Оңтүстік Кореялық қоюшы Ким Ки Дук, қытайлық продюсерлер Луна Ванг пен Ли Жу, американдық режиссер Роб Минкофф және т.б.

Роб Минкофф/ Almaty film festival
Роб Минкофф/ Almaty film festival

Негізгі байқауға екі немесе үш елде коөнім арқылы түсірілген 10 картина енді. Келесі фильмдер бір-біріне бәсекелес болды: «Дұрыстап тыныс алыңыз» (Исландия, Швеция, Бельгия), «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» (Қазақстан, Франция), «Хрусталь» (Беларусь, Ресей, Германия), «Аверно» (Боливия, Уругвай), «Сараға жеткізу және Салима» (Палестина, Голландия, Германия, Мехико), «Көкжиек» (Грузия, Швеция), «София» (Франция, Катар), «Вулкан» (Украина, Германия), «Өмір бейнелеуде» (Үндістан, АҚШ) және «Омотэнаси» («Тайвань, Жапония»).

Еске салсақ, «Кәсіпкерлер» таспасы 90-жылдары Қазақстандағы нарықтық қарым-қатынастардың дамуы жайлы баяндайды. Драма ресми түрде осы жылдың 1 қарашасында шығады.

 

Превью: Almaty film festival

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер