È

Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлері» 2018 жылдың қарашасында көрсетіледі

Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлері» 2018 жылдың қарашасында көрсетіледі

Ақан Сатаевтың «Кәсіпкерлер» фильмінің шығу күні белгілі болды. Алғашқы отандық кәсіпкерлер жайлы картина 2018 жылдың 1 қарашасынан бастап айналымға шығады.

Отандық режиссер Ақан Сатаев өткенді еске алып, 90-жылдары өрбитін драма түсірді. Фильм сюжеті бойынша Кеңес өкіметі ыдыраған соң, үш дос өмір сүруге бейімделе бастайды. Кейіпкерлер қайта құру кезеңінен аман шығу үшін алғашқылардың бірі болып, Қазақстандағы нарықтың негізін қалайды. Достық, бәсекелестік, адалдық сезімі, махаббат пен батылдық 90-жылдарды бейнелейтін фильмде көрініс табады.

Басты кейіпкерлерді жас актерлар Асқар Ілиясов («Жаттықтырушы»), Шәріп Серік («Қалай да той жасау») және Расым Жұбаев («Анаға апарар жол») сомдады. Сондай-ақ, көрермендер таспадан танымал актер Санжар Мәдиді де көре алады.

«Кәсіпкерлер» түсіріліміне қоюшы-оператор Хасанбек Қыдырәлиев, қоюшы-суретші Сергей Доттер және композиторлар Әлім Заиров пен Роман Вишневский атсалысты. Кинотаспа Тимур Жақсылықовтың сценарийі бойынша түсірілді.

Еске салсақ, фильм 2017 жылы Astana film fund компаниясымен өндірілген.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер