È

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» драмасы Парижде көрсетілді

Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» драмасы Парижде көрсетілді

Парижде режиссер Әділхан Ержановтың «Түн құдайы» драмасының көрсетілімі өтті. Француз көрермендеріне картинаны L’Etrange Festival кинофестивалінде, Focus арнайы бағдарламасы аясында ұсынды.

«Түн құдайы» кинотаспасы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді. Картинада жұмысшылар баяндалады. Бір күні қызығушылығын баса алмаған басты кейіпкер әріптесінен айналасында болып жатқан біртүрлі нәрселер туралы сұрай бастайды. Әріптесі ол құбылыстарға назар аудармай, жұмысын жалғастыруға кеңес береді. Дегенмен, кейіпкер жоғары бір жаратылыстың өзін аңдып жүргенін сезеді.

kazakhfilmstudios ұсынды
kazakhfilmstudios ұсынды

Картинамен қоюшы-суретші Ермек Өтегенов, қоюшы-оператор Едіге Несіпбеков, композитор Ілия Гариев және продюсер Серік Әбішев айналысты. Фильмдегі басты рөлді Баймұрат Жұманов сомдады.

Сонымен қатар, L’Etrange Festival-де Әділхан Ержановтың «Риэлтор» (2011) және «Қожайындар» (2014) атты жұмыстары көрсетілді.

Еске сала кетсек, алдыңғы жолы «Түн құдайы» фильмі 40-шы Мәскеу кинофестивалінің негізгі байқауына және Оңтүстік Сахалиндегі «Жердің қиыры» кинокөрсетілімінің байқаудан тыс бағдарламасына қатысқан болатын.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер