È

Ермек Тұрсынов: «Менің қағидам – егер де актер қандай да бір хикаяға түсетін болса, мен онымен қайта жұмыс істемеймін»

Ермек Тұрсынов: «Менің қағидам – егер де актер қандай да бір хикаяға түсетін болса, мен онымен қайта жұмыс істемеймін». Қазақстан киносы

Жақында ғана Ермек Тұрсынов «Киномеханик» фильмінің түсірілімін аяқтап бітірген еді. Картинадағы басты рөлді ол аса танымал емес актер Мұрат Мұқажановқа тапсырды. Кинодағы жаңа бейнелерді ашу Тұрсыновқа таңсық емес. Еске ала кетсек, Ерболат Тоғызақовтың жұлдызы «Шал» таспасы арқылы жанды, ал Гүлшарат Жұбаева «Келін» фильмінен кейін сұранысқа ие актрисалардың біріне айналды.

Ермек Тұрсынов неге танымал емес актерлармен жұмыс істейтіні туралы түсіндіріп берді.

«Мен кәсіби емес, аса танымал емес адамдарды киноға аламын, себебі біздің жас актерларымыз лезде «қартқа» айналады. Қазір хикая форматындағы кинолар көптеп түсіріліп жатыр. Әрине, түсінемін, актерларға жұмыс істеу керек, киноға түсіп, ақша табу қажет. Хикаяда күніне 15 минут демалады. Бұл сұмдық қой! Толықметражды фильмде 1 минут табыла қалса қуанамыз. Осыдан хикаяның сапасы төмендейді. Бір жағынан, адал жұмыс істейтін әріптестеріме тас лақтырғым келмейді. Бірақ, жекелік және топтық жұмыс бар. Бұл бір нәрсені зауытта, енді бірін қолмен істегенмен тең.

Сурет: ratel.kz

Біз (режиссердің түсірілім тобы – ред.) барлығын қолмен жасап, бейнемізді сақтап, кәсібімізге адал болуға тырысамыз. Менің басты қағидам – егер актер қандай да бір хикаядан көрінсе, мен онымен қайтадан жұмыс істемеймін. Өйткені, мен үнемі жаңа бейнелерді іздеп жүремін».

Еске сала кестек, режиссердің фильмографиясында толықметражды 8 картина мен 15 сценарий бар, оның қатарында «Киномеханик» те тұр. Айта кету керек, Тұрсыновтың жұмыстары 3 рет «Оскардан» үмітті болған. 2008 жылы «Келін» таспасы Америка киножүлдесінің қысқартылған үміткерлер тізіміне енген болатын.

 

Превью: ratel.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер