È

«Еуразия-2018»: Сергей Пускепалис «Алтын Орда» хикаясындағы қазақстандық актерлармен жұмысы жайында

«Еуразия-2018»: Сергей Пускепалис «Алтын Орда» хикаясындағы қазақстандық актерлармен жұмысы жайында

XIV Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің кезекті қонағы ресейлік актер әрі театр және кино режиссері Сергей Пускепалис болды. «Күміс аю», «Ника» және «Кинотавр» жүлделерінің иегері «Алтын Орда» тарихи хикаясындағы қазақстандық актерлармен жұмысы жайында айтып берді.

Русь еліне татар-монғол әскерінің басып кіруін баяндайтын теледрамаға отандық актерлар Аружан Жазылбекова, Санжар Мәди, Дина Тасболатова, Алтынай Нөгербек түскен болатын.

eurasiafestival.kz
eurasiafestival.kz

«Тамаша жандар. Олармен жұмыс істеу керемет ләззат сыйлайды. Тартымды әрі ашық адамдар. Олармен әңгімелескеннен кейін бүкіл Қазақстанмен дос болғың келеді», - деп бөлісті Сергей Пускепалис.

Сондай-ақ, актер кинематографиядағы мәселелерді қозғады. Пускепалистің пікірінше, қазіргі таңда кино қорын құру – киноөндіріске бөлінген бюджетті дұрыс пайдаланудың ең тиімді жалғыз жолы.

eurasiafestival.kz
eurasiafestival.kz

«Әзірге шығармашылық жандар өз идеяларын жүзеге асыруға септігін тигізетін жақсы құрал жоқ. Ресейде де көптеген реформалар өткізіп, тапсырыс беруші мен орындаушының арасындағы серіктестіктің тиімді жолдарын қарастырып жатады. Менің білуімше, бізде 6 компания негізгі ойыншы болып табылады, олар ірі қаржының кірісі мен таратылуы субъектісінің рөлін атқарады. Өз кезегінде олардың өздерінің режиссерлар мен актерлар базасы бар, сол арқылы киноөндіріске көптеген адамдарды тартып, орындаушылармен кездесу өткізе алады. Бұл өте маңызды. Себебі, бір міндет болғанда, бюджетті жылдам меңгеру керек, барлығы асығыс жасалады. Сондықтан, қор арқылы барлығының үйлесімді әрі орнымен болатынына кепілдік бар», - деп түсіндіре кетті қонағымыз.

Еске сала кетсек, алдығы жолы «Еуразия-2018» аясында ресейлік режиссер Анна Меликянмен, сербиялық қоюшы Эмир Кустурицамен және француз актері Венсан Кассельмен баспасөз-конференциясы өткен болатын.

 

Превью: eurasiafestival.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист