È

Асанәлі Әшімовтың қатысуындағы «Аруақ» фильмі Каннда таныстырылды

Асанәлі Әшімовтың қатысуындағы «Аруақ» фильмі Каннда таныстырылды

Басты рөлді Асанәлі Әшімов сомдаған «Аруақ» көркем фильмі Каннда таныстырылды. Картина 71-ші Канн кинофестивалі аясында жұмыс істеп жатқан Қазақстан ұлттық павильонында фестиваль іріктеушілері мен дистрибьюторларға ұсынылды.

«Аруақ» - режиссер Қуат Ахметовтың былтыр түсірілген фильмі. Картинаның жұмыс атауы «Беткейдегі бұталар көлеңкесінде» болатын. Сюжетте жазық далада жалғыз тұратын қарт Ағатай суреттеледі. Оның әйелі бұрын қайтыс болып кеткен, ал балалары болған емес. Алайда, қарт күйзелмей, әрі қарай өмір сүре біледі, кішігірім қожалығын басқарады. Бір күні жетімдер үйінен қашып кеткен балақай Ағатайдың үйін паналайды. Екі кейіпкердің таныстығы кейінгі өмірлерін түбейгейлі өзгертеді.

Қартты Асанәлі Әшімов сомдады, кинотаспа идеясы да соған тиесілі. Қазақстанның Халық әртісімен бірге фильмге Нұрмұхаммед Асқар, Жасұлан Көпбергенов, Нұржан Әбубәкір, Гүлнар Дусматова және Азат Сейтметов түсті.

«Аруақтың» сценарийімен Қуат Ахметов және ресейлік кинодраматург Одельша Агишев айналысты.

Айта кету керек, сондай-ақ Қазақстан ұлттық павильонында «Қазақфильм» киностудиясымен түсірілген «Әміре» және «Талан» фильмдері көрсетілді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер