«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі Jerusalem Film Festival-де таныстырылады
Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» жаңа фильмі фестивальдерге қатысуды жалғастыруда. Картина 2018 жылдың 26 шілдесінен 5 тамызға дейін өтетін 35-ші Иерусалим Халықаралық (Jerusalem Film Festival) кинофестиваліне қатысып жатыр.
«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картинасы «Панорама» (шетелдік фильмдер кезеңі) бағдарламасына енді, қазақстандық таспадан бөлек, Бразилия, Бельгия, Италия, Қырғызстан, Ресей және Франциядан келген 24 фильм көрсетіледі. Фестиваль аясында әлемнің 60 елінен 180 жұмыс таныстырылады. Бас жүлде – Хаджадж сыйлығы, кинокөрсетілімге қаржылай қолдау көрсетіп жатқан американдық продюсердің құрметіне аталған.
«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі сезімдері бірнеше сынақтан өтетін жігіт пен қыз жайлы баяндайды. Ғашықтарды Динара Бақтыбаева мен Қуандық Дүйсембаев сомдады. Сондай-ақ, фильмге Баймұрат Жұманов, Бауыржан Қаптағай және Еркен Губашев түсті.
Еске салсақ, кинотаспа алдыңғы жолы Армения мен Карловы Вара ХКФ-не қатысқан, ал әлемдік тұсаукесері 71-ші Канн кинофестивалінде өткен.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін