È

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильміне арналған алғашқы пікірлер

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильміне арналған алғашқы пікірлер

Жақында Каннда Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінің әлемдік тұсакесері өтті. Таспа 71-ші Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасының аясында көрсетілді. Шетелдік баспасөз өкілдері қазақстандық картинаны тамашалап, өз бағаларын беріп үлгерді.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» - Салтанат (Динара Бақтыбаева) пен Қуандықтың (Қуандық Дүйсембаев) махаббат хикаясы. Жастар бір жағдайға байланысты өз үйлерін, ауылдарын тастап, қалаға аттануға мәжбүр болады. Қатал шаһар ғашықтардың барын тартып алып, тіпті бір-біріне деген сезімін де өшіруге тырысады.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығына» арналған алғашқы пікірлер беделді басылымдарда пайда болды. Әділхан Ержановтың жұмысы қандай әсер қалдырды екен, оны бірнеше үзінділерден біліп көрейік.

theupcoming.co.uk британдық порталы

«Әр элемент жіті таңдалған, ол Әділхан Ержановтың шешіміне нақтылық береді, бұл ғажап қой. Картиналар жеке сәттердің эмоционалды ландшафтының белгісі ретінде пайдаланылады, дегенмен әр кадр өзінше бір картинаға татиды. Фильм белгілі бір кейіпкерлерді анықтау үшін немесе сәттерді күшейту үшін ультра-баяу орнықты кескіндерден құралған. Әдебиетке, көркемсуретке, музыкаға, театралды драмаға және суреттерге шақырады, бұл фильм әр түрлі өнер туындыларының негізгі құрамы іспетті», - деп жазды Zoe Tamara (Аударма.– Ред.).

Variety Америка апталығы

«Ержановтың француз жаңа толқынын тұспалдайтын баяндамасын мазмұндай отырып, тың дүние көрсеткісі келгеніне қарамастан, «Әлемнің мейірімді бейжайлығында» алдыңғы жұмыстарындағыдай үн сезіледі», - деп атап өтті Alissa Simon (Аударма.– Ред.).

Screendaily журналы

«Айналасында қатал әрі сыбайласқан әлем бола тұра, алдыңғы пландағы гүлдер желісінің қайталануы жұптың арасындағы көрінбейтін байланысты сездіреді. Салтанат пен Қуандық қаланың қатал шынайылығында тұрақсыз болып келетін мемлекетке өзінше бір идеалды көзқарас танытады...

Ержанов Салтанат пен Қуандық туып-өскен қазақ ландшафтын, әсіресе ашық кең даланы ұтымды пайдаланып, бір таң қалдырды», - деп жазды Wendy Ide (Аударма.– Ред.).

Cinemablographer Канадалық киносайты

«Әдебиет пен кинематографиялық ықпалдың тамаша шоғыры, ерекше әзілге толы адами қарым-қатынасқа әуесқойлық көзқарас таныту – осылайша әлемдік кинода Ержановтың жаңа фильмі өзін таныта білді», - деп жариялады PatMullen авторы (Аударма.– Ред.).

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер