È

«Ұрыларды ұстау» фильмі Қазақстандағы кассалық жинақ бойынша «Өрлеуді» басып озды

1-4 ақпан аралығындағы кассалық жинақ

Ақпанның алғашқы аптасы көрермендерге «Оскардың» басты үміткері – «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» қылмыстық комедиясын ұсынды. Картина айналымның үздік үштігіне енді. «Өрлеу» атты КСРО-ның баскетбол құрамасы туралы фильм мен «Лабиринтпен жүгіруші: Өлімге қарсы дәрі» шытырман оқиғалы таспасы ондаған миллион теңге жинауды жалғастыруда. Өткен демалыста қандай фильмдердің қанша касса жинағанын Қазақстандағы кассалық жинаққа* арналған осы материалымыздан оқыңыздар.

«Өрлеу» фильмі бірінші орынды «Ұрыларды ұстау» картинасына сыйлады. Американдық атыс-шабыс фильмі 60 569 300 теңге жинады. Режиссер Кристиан Гьюдгэст фильм түсірілімі үшін банк тонаудың шынайы жоспарын құрған, оны Федералды Резервті банк қызметкерлері және Лос-Анджелестің полицейлері мен әскерлері мақұлдаған.

Екінші орынға 38 880 600 теңге кассасымен «Өрлеу» драмасы түсіп қалды. Фильм негізіне кеңес жаттықтырушысы Александр Беловтың естеліктері арқау болған. Авторлар кейбір деректер мен оқиғаларды әсірелей түсті, себебі картина көркем жанрда еді. Бірақ, бұл Беловтың жесіріне картинаны тарихи шындықты бұрмалағаны үшін сотқа беруге кедергі келтірмеді. Әзірге арыз қарастырылуда.

«Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» фильмінен көрініс

«Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури» картинасы 30 974 000 теңге жинап, үшінші орынға жайғасты. Фильм режиссері - Мартин МакДона, ол «Брэггте тұңғиыққа бату» (2008) және «Жеті жынды» (2012) атты екі табысты толықметражды фильмді түсірген. Оның үшінші фильмі де жақсы пікірлерге ие болып, «Оскардан» үмітті болып отыр.

Төртінші орында «Лабиринтпен жүгіруші: Өлімге қарсы дәрі» фильмі тұр. Картина 18 595 500 теңге жинады, ал айналымдағы барлық табысы 98 303 100 теңгені құрайды. 2016 жылдың наурызында фильм түсірілімі кезінде басты рөлді сомдаушы Дилан О’Брайен қатты жарақаттанып қалады. Актер ауруханада жатып шығады, сондықтан, түсірілім 2017 жылдың наурызына дейін тоқтатылған болатын.

Үздік бестікті «Қазақша кәсіп Америкада» комедиясы аяқтайды. Фильм 17 370 400 теңге көлемінде пайда тапты. Айта кету керек, продюсер Нұрлан Қоянбаев пен режиссер Жеңісхан Момышевтің жобасы Қазақстан айналымында рекорд орнатып, ең кассалы картина атанды. Комедия жинағы 550 миллион теңгеден асып жығылды.

«Астрал 4. Соңғы кілт» фильмінен көрініс

Алтыншы орынға «Астрал 4. Соңғы кілт» қорқынышты фильмі жайғасты. Картина айналымдағы үшінші аптада 15 651 545 теңге жинады, ал жалпы жинағы 159 000 426 теңгені құрайды. Франшизаның алдыңғы бөлімдеріне түскен актерлар Патрик Уилсон («Қарғыс») және Роуз Бирн («Икс адамдары Ақырзаман») жалғасында ойнаудан бас тартты. Дегенмен, Роуз Бирн ақыр соңында түсірілімге қатысты.

Төменгі сатыда «Қысқа» комедиялық таспасы тұр, оның алғашқы жинағы 14 099 900 теңгені құрады. Режиссер Александр Пэйн жоба жұмысын сонау 2009 жылы бастаған еді. «Қысқа» таспасы оның тоғызыншы толықметражды жұмысы болып табылады. Режиссерға сценарий жағынан Джим Тейлор көмектесті, екеуі бірге бұрын «Жол жиегінде», «Шмидт туралы», «Мансапқұмар» және «Азаматша Рут» картиналарын түсірген.

«Плюшті құбыжық» мультфильмі 10 575 114 теңге жинады. Фильмнің қоюшы-режиссері әрі сценарий авторы Бразилиялық Рафаэль Рибас болды. Бұл - оның екінші анимациялық жобасы. Алғашқысы 2009 жылы жарыққа шыққан «Табаныңды сусылдат» картинасы болатын.

«Тоня барлығына қарсы шығады» фильмінен көрініс

«Тоня барлығына қарсы шығады» өмірбаяндық фильмі алғашқы демалыста 10 297 150 теңге жинады. Марго Робби арнайы түсірілім үшін мәнерлеп сырғанаушы Сара Кавахарамен жаттықты. Барынша жаттығуға тырысқанымен, актриса өз бетімен үштік аксельді орындай алмады. Сондықтан, ол сахналық көрініс компьютерлі графиканың көмегімен жасалды.

«Селфи» ресейлік картинасы қазақстандық айналымда 6 962 164 теңге жинады. Фильм Сергей Минаевтың 2015 жылы жарық көрген «21 ғасыр РухLess-і. Селфи» романының желісімен түсірілген. Алғашында-ақ басты рөлге Константин Хабенский бекітілді, ал досының рөліне бірден 5 актер үміткер болды. Үміткерлер арасында Федор Бондарчук та бар еді, нәтижесінде сол рөлге ие болды.

Аз касса жинаған кинотаспалар: «Джуманджи. Орман шақырады» - 2 700 554 теңге, «Паддингтон хикаялары 2» - 5 283 900 теңге, «Zомбожәшік» - 2 193 391 теңге.

«Проявление» отандық хорроры тұсаукесерлі демалыста 2 129 950 теңге жинады.

 

*Материал Meloman Entertainment компаниясының және Comscore мен Ticketon.kz мәліметтері бойынша дайындалды.

Қазақстанда Comscore жүйесіне Chaplin Cinemas, Star Cinema және Арсенал кинотеатрлар желісі қосылған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер