È

«Құпия құжаттама» фильмі айналымда 10 млн. теңге жинады

1-4 наурыз аралығындағы кассалық жинақ

Өткен демалыс Джеймс МакЭвойдың қатысуындағы «Тұңғиыққа бату» триллерінің және басты рөлді сомдаған Рэйчел МакАдамспен «Түнгі ойындар» қылмыстық комедиясының шығуымен есте қалды. Отандық киномандарды қандай жаңалықтар қызықтырғанын төменнен оқи аласыздар.

«Шекара» ресейлік кинофантастикасы 34 199 500 теңге тапты. Бұл фильмді түсіруге қатысты шешім 2015 жылы қабылданды, ал картина өндірісі бір жылдан кейін басталды. Таспа түсірілімі 2016 жылы күзде басталған болатын. Фильм Мәскеуде және Санкт-Петерборда «Нев алаңқайы» уақытша атауымен түсірілді.

«Түнгі ойындар» комедиялық таспасы 32 722 200 теңге жинады. Режиссер Джонатан Голдштейн сценарий жазуға 2013 жылы кірісті, ал 2016 жылы оны Warner Bros. студиясы үшін қайта жазды. Алайда, сценарийдің соңғы нұсқасы Марк Перезге табысталды. Кайл Чандлер мен Джесси Племонс үшін бұл жоба екінші ортақ жұмысы. Екеуі де «Түнгі жұманың шамдары» хикаясына түскен болатын.

«Шекара» фильмінен көрініс
«Шекара» фильмінен көрініс

«Қара Ілбісін» блокбастері айналымдағы үшінші аптада 31 630 204 теңге жинады. Режиссер Райан Куглер алдыңғы картиналарда бірге жұмыс істеген тобын жобаға жұмылдырды. Нәтижесінде, түсірілім тобына оператор Рэйчел Моррисон, қоюшы-суретші Ханна Бичлер және «Фрутвейл» бекеті» фильмінде Куглермен жұмыс істеген композитор Людвиг Йоранссон енді.

«Дауылдағы тонау» шытырман оқиғалы фильмі алғашқы демалыста 17 490 600 теңге жинады. Режиссерлік орынға Роб Коэн ие болатыны жайлы 2016 жылдың қаңтарында белгілі болды. Қоюшы түсірілімге сол жылдың тамызында кірісті. Кинотаспа Болгарияда 11 аптаның ішінде түсірілді.

Айналымдағы төртінші апта «Мұз» драмасына 10 598 677 теңге сыйлады. Фильмге кеңесші ретінде мәнерлеп сырғанаудың спорт шебері Елена Масленникова шақырылды. Түсірілімде сырғанау шебері Катя Гербольд болды. Драманың ресейлік айналымдағы жинағы 1 миллиард рубльға жеткен.

«Қара ілбісін» фильмінен көрініс
«Қара ілбісін» фильмінен көрініс

Стивен Спилбергтің «Құпия құжаттама» картинасының кассасы 10 579 800 теңгені құрады. Бір қызығы, фильмде Том Хэнкс пен Мэрил Стрип алғаш рет бірге ойнаған. Ал Брэдли Уитфорд Томмен үшінші рет жұмыс істеп отыр. Актерлар «Филадельфия» мен «Бэнкс мырзаны құтқару» фильмдеріне бірге түскен.

5 миллион теңгеден төмен жинағандар: «Еркектер не туралы айтады екен. Жалғасы» - 4 495 460 теңге, «Жабайы» - 3 976 500 теңге және «Мэри және жалмауыздың гүлі» анимесі - 3 843 979 теңге.

Өткен демалыста жеңіліс тапқандардың қатарында 2 318 400 теңгемен «Бостандықтың елу реңкі» және 1 514 950 теңге жинаған «Тұңғиыққа бату» фильмдері бар.

 

*Материал подготовлен по данным компании «Меломан-Кинопрокат», системы Comscore и Ticketon.kz.

В Казахстане к Comscore подключена сеть кинотеатров Chaplin Cinemas, Star Cinema и Арсенал.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер