È

«Мен - күйеу жігітпін!» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Мен - күйеу жігітпін!» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

Режиссер және продюсер Нұртас Адамбай өзінің «Мен - күйеу жігітпін!» жаңа фильмінде тағы да басты рөлді сомдады. Онымен бірге картинада Гүлнар Сильбаева, Санжар Мәди, Алдабек Шалбаев және басқалар ойнады.

Картинада өрбіген оқиғаның сюжеті қарапайым. Әлия есімді бойжеткен өзінің жігітін ата-анасымен таныстырғысы келеді. Бірақ, ол бастығының туған күніне дайындықтан босамайды. Содан кейін Әлия өзінің әріптесі Тимурды бірнеше күнге өзінің жігіті болып ойнауға көндіреді. Әлия да, Тимур да бойжеткеннің әкесінің қызын берместен бұрын жас жігітті тексергісі келетінін ойламайды.

Нұртас Адамбай «Мен – күйеу жігітпін!» фильмін 14 күннің ішінде түсіріп, рекорд орнатты, ал бұдан бұрын «Жеделсаты» (әлі айналымға шыққан жоқ) фильміне режиссер 16 күн жұмсаған болатын. Аталмыш жобада продюсер негізгі көріністерді қою арқылы сценарист ретінде де жұмыс істеді. Қоюшы-оператор қызметіне Азамат Дулатов шақырылды.

Бүгінгі фоторепортажда «Мен –күйеу жігітпін!» комедиясының қалай түсірілгенін көрсетеміз.

 

 

«Мен - күйеу жігітпін!» фильмінің кестесі кинотеатр афишаларында қолжетімді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер