È

70-Канн кинофестивалінде Қазақстан павильоны қандай жұмыс атқарды

70-Канн кинофестивалінде Қазақстан павильоны қандай жұмыс атқарды. Қазақстан киносы

Халықаралық 70-Канн кинофестивалі швед режиссері Рубеа Эстлундтың ғана жеңісімен емес, алғашқы Қазақстан павильонының ашылуымен есте қалмақ. Әлемдегі 40 елдермен қатар, Қазақстан да шетелдік көрермендерге отандық киноөндірісін таныстырып, оның мақсатын айқын көрсетуге мүмкіндік алды.

Қазақстан павильоны кинофестиваль бойы 17-28 мамыр аралығында әлемдік кинонарықтың алдыңғы қатарлы өкілдерімен серіктестікті нығайтуға, отандық және әлемдік кинематографты жақындастыруға бағытталған бірнеше шаралар өткізді. Бірінші атаулы оқиға қазақстандық делегацияның Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Баталовтың басшылығымен Канн қаласының мэрі Давид Лиснарға келгені болды. Кездесуге қатысушылар кино өнері, туризм және мәдениет саласына қатысты екі ел арасындағы серіктестікке қатысты сұрақтарды талқылады.

Әсіресе, кинофестиваль қатысушылары Қазақстан павильонының салтанатты түрде ашылуын есте сақтап қалды. Ашылу Францияның Ұлттық кинематография орталығында өтті. Ал отандық әртіс, эстрада әншісі Димаш Құдайберген талайды талантымен таң қалдырды.

Павильонда Қазақстан кинематографының тұсаукесерінде кинорежиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың және «Astana film fund» продюсері Ернар Құрмашевтың жобалары таныстырылды. Ерлан Нұрмұхамбетов «Ұрланған көріністер» фильмін, «Тыныштық» деректі таспасын ұсынды. Ал кинопродюсер Ернар Құрмашев Ақан Сатаевтың «Районы» фильмі мен «Она» триллерін таныстырды. Сонымен қатар, өңделу үстіндегі екі жобасы - «Кәсіпкерлер» мен «11-ықшам аудандағы атыс» фильмдерін де ұсынды.

Сондай-ақ, ұлттық павильонның басшылығы Канн кинофестивалінің «Short Film Corner» бағдарламасының қатысушылары, отандық жас режиссерлармен кезедсу өткізді. Режиссерлар тизерлер мен картина үзінділерін ұсынып, жұмыстары жайында айтып берді. Арнайы шақырылған әлемдік киноөндірістің өкілдері жас балаларға кеңестерін айтып, бағыт-бағдар берді.

Естеріңізге сала кетсек, Канндағы Қазақстан павильонының ашылуына түрткі болып әрі ресми операторы атанған - Ұлттық кинематография өнері мен ғылымы академиясы. Павильон директоры - Анна Качко, ал продюсері - Анна Чакиртова.

Суреттер: informburo.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист