È

«Қазақфильм» жарты жер көлемінен айырылып қалуы мүмкін

«Қазақфильм» жарты жер көлемінен айырылып қалуы мүмкін

Алматы қаласы әкімдігі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының жарты жерін мәжбүрлі түрде тартып алуда. Қыркүйекте киностудияның 5,5 гектар жері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында салынатын Ethnoland этно-қалашығының құрылысына кетуі мүмкін.

Осы сауал төңірегінде өткен баспасөз-конференциясында «Қазақфильм» басшылығы, Қазақстан кинематографшылар одағының төрағасы Ермек Тұрсынов, кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов және еліміздің басқа да киноқайраткерлері учаскені тартып алуға қарсы өз пікірлерін білдіріп, сөз сөйледі.

Айта кетсек, киностудия пайдаланып жатқан жер мемлекетке тиесілі. Алайда, учаске киностудияға 49 жылға жалға берілген.

«Қазіргі таңда өз күшін сақтап тұрған 49 жылға берілген 2010 жылғы келісім-шарт бұзылған жоқ. Жер учакесіне құқық әлі де уәкілетті органда заңды түрде тіркеліп тұр. Жерді жалға алудағы мақсат – фильмдер өндіру, біз мақсатымыз бойынша пайдаланып жатырмыз. Сондықтан, бұл тараптан ешқандай да шағым болмауы керек», - деді «Қазақфильм» киностудиясының құқығын қорғап жатқан заңгер Әлтайыр Ерімбетов.

Алматы қаласы әкімдігінің бұрынғы хабарламаларына сәйкес, «Қазақфильм» этно-қалашық құруды ең бірінші болып ұсынған, бірақ кейін қаржылай қиындықтарға байланысты жобаны жүзеге асыруды мемлекеттік құрылымның иығына жүктеді. Соған орай, Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Мақсат Кикимовтың айтуынша, жалға беру туралы келісім-шарт 2017 жылдың желтоқсан айында бұзылған екен. Алайда, «Қазақфильм» ұстанымын өзгертіп, сотқа береді де, екі рет жеңіліп қалады.

«Киностудия басшылығының атынан ресми түрде өз аумағымызда әкімшілікке тиесілі болатын қалашықты салуға дайын екенімізді айқындайтын ешқандай да хат жазбағанымызды мәлімдеймін. Ешқандай ресми хат болған емес», - деп, аталған ақпаратты жоққа шығарды «Қазақфильмнің» Бірінші вице-президенті Серік Жұбандықов.

Жақында тартып алынатын учаскеде көлемді екі декорация орналасқан: бірі – «Қазақ хандығы» фильміндегі ханның аяқталған ордасы, екіншісі - әлі салынып жатқан «Томирис» картинасының түсіріліміне арналған Вавилон қаласы.

Қалалық билік өз кезегінде Ethnoland-тің тарихи жобалар түсіріліміне пайдаланылатынын және киностудия жұмысына еш кедергі келтірмейтінін айта кетті. Алайда, кинематографшылар басқаша болатынына сенімді. Олар учаске әкімдіктің қолына тиген соң, коммерциялық нысандардың пайда болатынынан және фильм түсірілімдеріне мүлдем тыйым салынатынынан қауіптеніп отыр.

«Қазақфильм» аумағы баяғыдан бері түрлі коммерциялық құрылымдарға, дардай аты мен тегі бар жекелеген кейіпкерлерге маза бермей келеді. Бұл әл-Фарабидің бойымен жүріп өтетіндердің жынын қоздыратын майлы жілік секілді. Ал бұл қызығушылық жыл сайын артып келеді. «Қазақфильмді» бірде көшіргісі келді, біресе Астанаға ауыстыруды ойлады, енді бірде Талғарға апарып тастамақшы болды. Бұл қызығушылық расталды. Пәлеқорлар түрлі шындық пен өтірікті пайдалана отырып, осындай жағдайлар тудырып отыр. Түсінесіз бе, бүгін 5 гектар, ертең тағы 10, оның арғы күні 15 болады. Бұл жәй ғана жер емес қой. Бұл жер өзіндік тарихқа ие, оның артында үлкен есімдер тұр. Бұл көпшілікке ұсынылатын мәдени контрбағдарлаумен айналысуға тырысып жүрген шағын ғана жалғыз арал. Қазір барлығын жынды қылып жатыр. Сондықтан, бұл жақта әңгіме тек жерге ғана емес, одан да маңызды мәселелерге қатысты», - деп өз ойын айтты Ермек Тұрсынов.

Қазіргі таңда киномәдениет өкілдері мен «Қазақфильм» басшылығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа ресми хат дайындап жатыр.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Maxim Bogomolov

18 тамыз 2018, 22:43

Голосуйте за Нур Отан!

Таныс бейне

Санұржан Сүлейменов

Актер

Жанель Әлікова

Актриса