Қуаныш Жылжақсынов Таиландта мерт бола жаздағанын айтты
Қуаныш Жылжақсынов «Таиландтағы демалыс» фильмінің түсірлімі кезінде өліп қала жаздады. Актер ашық мұхиттағы дауылға тап болған. Оқиға туралы толығырақ Қуаныш «Бродвей» кинопорталының оқырмандарына айтып берді.
«Бұл оқиға Таиландқа ұшып барған алғашқы күні орын алды. Біз, 8 адам қайықпен түсірілім өтетін Ко Мак аралына жол тарттық. Бір кезде жарты жолда мотор өшіп қалды. Біз Сиам шығанағының ортасында тұрып қалдық. Көмек күтіп тұрғанымызда, қатты нөсер жауып кетті. Біз бұдан жаман ештеңе болмас деп ойладық. Бірақ, қайықтан бірнеше метр жерге найзағай соқты. Барлығымыздың үрейіміз ұшты. Мен шынымен де өліп қаламын деп ойладым. Бұл күнді ешқашан ұмытпаспын. Бұл 2016 жылдың 13 қарашасы еді», - деп бөлісті актер.
.jpg)
Көмек келгенше, Қуаныш Жылжақсынов және түсірілім тобының басқа мүшелері бірнеше сағатты мұхитта өткізген.
Естеріңізге сала кетейік, «Таиландтағы демалыс» - тосыннан тропикалық мемлекетке тап болған тарих пәнінің оқытушысы Асқат аға (Нұрлан Қоянбаев) және студенттер Дәурен (Дидар Жексеков) мен Ермектің (Қуаныш Жылжақсынов) оқиғасы жайлы.
Комедиялық таспа 14 ақпаннан бастап үлкен экранға шықты.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін