È

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» отандық айналымға шығады

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» отандық айналымға шығады

22 қарашадан бастап айналымға отандық режиссер Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі шығады. Бұл картина халықаралық кинофестивальдерден көптеген жүлделер алған. Енді оны қазақстандық көрермендер де тамашалай алады.

Кинотаспаның көрсетілімі бес қалада: Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында өтеді. «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» ауылдан үлкен шаһарға көшіп келген ғашықтардың өмірін баяндайды, олар сезімдерін сынға алатын көптеген қиындықтарға тап болады. Екеуі бақыттары үшін күреседі.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс
«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс

«Бұл фильм махаббат жайлы. Менің түнек туралы алдыңғы жұмыстарыма қарағанда, бұл таспаны басынан-ақ жарқын әрі ашық қылып түсіруді жоспарладым. Ресейлік оператор Айдар Шәріпов менімен тегін жұмыс істеді, себебі оған менің жұмыстарым ұнайды», - деп бөлісті Әділхан Ержанов.

Режиссердің айтуы бойынша, «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың махаббат хикаясына негізделген.

Таспадағы басты рөлдерді Қуандық Дүйсембаев пен Динара Бақтыбаева сомдады.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс
«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс

Бас продюсерлері – Ақан Сатаев, Ернар Құрмашев, Әлия Меңдіғожина, атқарушы продюсерлері – Серік Әбішев пен Ольга Хлащева.

Еске салсақ, «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» Францияда Festival paysages de cinéastes-те қазылар алқасының сыйлығына ие болған еді.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер