È

Отан қорғаушылар күніне арналған ерлер киносы

Отан қорғаушылар күніне арналған ерлер киносы

«Бродвей» кинопорталы Отан қорғаушылар күніне арнап ер азаматтарға нағыз ерлерге арналған фильмдер топтамасын тарту етпек. Әрбір кинотаспа динамикалық сюжетімен және тартымды оқиғаларымен ғана емес, сондай-ақ, ерлердің батылдығы мен ерлігінің тамаша үлгісін көрсетеді. Мерекелеріңізбен, қымбатты ер азаматтар!

 

«Рэкетир»

Бұл 2017 жылы жарыққа шыққан режиссер Ақан Сатаевтың қылмыстық драмасы. Оқиға КСРО ыдырағаннан кейін отбасы қиындықтарға тап болған бұрынғы боксшы Саян Беккәрімов туралы баяндайды. Ата-анасының жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін, Саян еш ойланбастан қылмыстық топқа қосылады. Бопсалаушылық, рэкет, тонау – мұның барлығы кейіпкердің өмірінің бір бөлшегіне айналады.

90-шы жылдардағы шынайы оқиғаны көрсеткен фильм посткеңестік кеңістікті даңққа бөледі, ал қазақстандық киноға Саят Исембаев, Мұрат Бисенбин және Әсел Сағатова секілді жаңа есімдерді танытты.

«Рэкетир» фильмін «Бродвейден» онлайн көруге болады.

 

«Сіз кімсіз, Ка мырза?»

Режиссер Хуат Ахметовтің 2010 жылы көрермендерге ұсынылған фильмі. Жалғыз басты қарт туған отаны Қазақстанға аттанады. Оның жолсерігі қарт кісіні күдікті іске итермелейтін жас жігіт болады. Бірақ уақыт өткен сайын қарт кісінің жай адам емес екені белгілі бола түседі, ал болған жағдайлар кездейсоқтық емес. Қазақ киносының тірі аңызы Асанәлі Әшімов сомдаған бас кейіпкер - бұл намысы мықты, рухы күшті нағыз ер азаматтың бейнесі.

Сондай-ақ, фильмде Александр Феклистов, Филипп Волошин, Талғат Теменов және Гүлшарат Жұбаева ойнады.

 

«А-ға» оралу»

Бұл Егор Кончаловскийдің 2011 жарыққа шыққан фильмі. Фильм Ауғанстанға аттанған жас телеарна қызметкерлері жайлы әңгімелейді. Олардың басты міндеті – «Александр Македонскийдің жорықтары» жайлы деректі фильм түсіру. Дегенмен олардың жолсерігі, ауған соғысына қатысушы Марат Аюмовтың көздегені басқа. Қарапайым іссапар күтпеген жерден аман қалуға талпынумен аяқталады.

Оқиға кейіпкерлерін Сейдулла Молдаханов, Қарлығаш Мұхамеджанова, Арман Асенов, Берік Айтжанов, Гоша Куценко және Гүлнара Досматова сомдайды.

«А-ға» оралу» картинасын «Бродвейден» онлайн көруге болады.

 

«Бүкіл әлем аяғымыздың астында»

Шытырман атыс-шабыс фильмі режиссер Саламат Мұхаммед-Әлидің дебюттік жобасы. Фильм қазақстандық айналымға 2015 жылдың наурызында шықты, ал америкалық кинотеатрларда 2017 жылдан бастап көрсетіле бастады. Бас кейіпкер Әлияны қылмыс әлемінің серкесі ұнатып қалады. Бойжеткен бір түнді бірге өткізу туралы ұсыныстан үзілді-кесілді бас тартады. Дегеніне жетіп үйреніп қалған жігіт Әлияны ұстап береді: ол аман қалуы үшін 500 мың доллар ақша табуы керек.

Қуғын-сүргін, атыс-шабыс қана емес, шынайы махаббат та бейнеленген картинаға Қарлығаш Мұхамеджанова және Мұрат Бисенбин, сондай-ақ, голливуд жұлдыздары Майкл Мэдсен, Арманд Ассанте және Питер О`Тул түсті.

 

«Кенже»

2015 жылдың сәуірінде Ермек Тұрсынов «Келін» - «Шал» - «Кенже» трилогиясының қорытынды фильмін түсірді. Соңғы оқиғаның кейіпкерлері -ағайынды бауырлар. Ата-аналарының қазасынан кейін әрқайсысы өз жолымен кетті. Кішісі қылмысқа бет бұрды. Екеуін де алда сатқындық пен зұлымдық күтіп тұр.

Таспадағы рөлдерді Жандос Айбасов, Эдуард Ондар, Ольга Зайцева және Айнұр Ниязова сомдады. Фильмді Қазақстанда, Испанияда және Таиландта түсірді.

 

«Рэкетир 2: Жаза»

Атышулы «Рэкетирдің» жалғасы. Фильмнің сюжеті бірінші бөлім аяқталғаннан соң, 10 жыл өткеннен кейін өрбиді. Қылмыс әлемінен кеткен Саяннан Була ағасының кегін алу үшін көмек сұрайды. Бірақ, оның қайтадан бұрынғы жолына түсетін ниеті жоқ және жігітке көмек беруден бас тартады. Дегенмен, Була қауіпті ойындағы өз рөлін сомдауға тиіс бұрынғы рэкетирдің тілін табады.

Фильм 2015 жылдың мамырында айналымға шықты. Фильмде Саят Исембаев, Жан Байжанбаев, Дәстен Шәкіров, Әсел Сағатова және Аружан Жазылбекова ойнады.

Фильмді «Бродвейден» онлайн көруге болады.

 

«Тараз»

Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбайдың қылмыстық драма жанрындағы алғашқы тәжірибесі. 2016 жылдың күзінде ұсынылған фильм Айдар, Сапар және Асан есімді үш жігіттің оқиғасын баяндайды. Жағдайға байланысты үшеуінің біреуі ықпалды адамның ұлын өлтіреді. Олар қуғыннан құтылу үшін қаланы тастап кетеді. Дегенмен, олардың жақындарына қауіп төнеді.

Кинотаспадағы кейіпкерлерді сомдағандар: Асанды - Асан Мәжит, Айдарды – Нұртас Адамбай және Сапарды – Еркебұлан Дайыров. Сондай-ақ, фильмге Гүлназ Жоланова, Төлепберген Байсақалов және Жандос Айбасов түсті.

«Тараз» фильмін «Бродвейден» онлайн көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер