È

«Барымташылар» қазақ-жапондық фильмінің түсірілімі басталды

«Барымташылар» қазақ-жапондық фильмінің түсірілімі басталды

Алматы облысында орналасқан Қарасаз ауылында «Барымташылар» отандық фильмінің түсірілімі басталды. Картина өндірісімен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Tokyo New Cinema жапондық компаниясымен бірге айналысуда. Интернационалдық топ Тұзкөл көлінің жанына жайғасты, сол жақта негізгі түсірілім өтіп жатыр.

Фильм сюжеті бойынша Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан кішігірім ауылда бір отбасы тату-тәтті өмір сүреді. Олар шулы әрі тұрақсыз қаладан жырақта тыныш өмір сүріп, жылқыларды бағумен айналысады. Бір күні барымташылар тобы отағасын алдап, елсіз далаға әкеліп, аяусыздықпен өлтіріп, бір үйір жылқыларын айдап әкетеді. 12 жасар Олжас, қайтыс болған отағасының ұлы қатты қайғырып, кейін қарындастары мен өзінің басына төнген зұлымдықты жеңуге тырысады. Қиын кезеңдерде Олжастың қорғансыз отбасына Қайрат есімді белгісіз бір адам көмектеседі.

«Картина жартылай вестерн, жартылай мелодрама жанрында түсіріліп жатыр. Осылайша аралас дүние шықты. Біріншіден, бұл жақта мен ғана режиссерлікпен айналыспаймын, соған да байланысты. Жапон тарапынан Лиза Такеба бар. Аталмыш фильм жапондық айналымға да шығады. Сондықтан, сценарий жазу барысында-ақ жапон аудиториясын тартатын түзетулер енгізілген болатын. Сценарийді соңғы уақытқа дейін өңдеп отырдық. 10-ға жуық нұсқа жазылған шығар», - деді қоюшы-режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов.

Қазақ-жапондық фильмнің негізгі кейіпкерлерін Қазан кинофестивалінің жүлдегері Дулыға Ақмолда және Канн кинокөрсетілімінің лауреаты Самал Еслямова сомдайды. Жұмбақ Қайраттың рөлін жапон киносының актері Мирай Морияма бейнелейді.

«Кезінде «Айлы әке» (тәжік режиссёрі Бахтиёр Худойназаровтың 1999 жылғы комедиялық драмасыРед.) картинасын көрген соң, Орта Азияға баруды армандадым. Енді міне, мен осындамын! Түсірілім тобы өте иілгіш әрі алаңда жақсы қарым-қатынас орнады, маған барлығы ұнады. Алғашында кадрға бөлу кезінде немесе актерлардың жұмысына қатысты нақты жоспарлар болмаған кезде, қатты таң қалған болатынмын. Бірақ, мұның өз артықшылықтары бар деп ойлаймын. Фильмнің қандай болғанын экраннан көретін боламыз», - деді Лиза Такеба.

Жоба продюсерлерінің бірі - Такеши Китано, Цзя Джангкэ және Хоу Сяосянь сынды белгілі адамдармен жұмыс істеген Сёдзо Итияма.

Авторлар түсірілім барысын қыркүйек айының соңында аяқтауды жоспарлап отыр. Тұзкөл көлінен бөлек, таспа түсірілімі бірнеше локацияларда өтетін болады.

 

Превью: kazakhfilmstudios.kz

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист