È

Nomad Stunts Универсиада-2017 ашылуына әзірлік жасауда

Nomad Stunts Универсиада-2017 ашылуына әзірлік жасауда

Отандық каскадерлық топ Nomad Stunts 29 қаңтарда болатын 28-інші Бүкіл әлемдік Универсиаданың ашылу салтанатына дайындық жасауда. Салтанатты іс-шараға Жайдарбек Күнғожинов жетекшілігімен 36 каскадер қатысады.

Бір ай бойы топ қарқынды түрде жаттықты, аттарды дайындады. Нәтижесінде Универсиада қонақтарына шабандоз жігіттер тамаша номер дайындады. Онда «Алтын адам» және әуе гимнастикасы элементтері бар көрініс қойылмақ.

«Бұл өте жауапты және біз үшін маңызды оқиға. Жарысқа 60 елден келген қатысушылар қатысады. Біз шетелдік қонақтарға көпұлтты мемлекетіміздің тұрмысын, өзінді бояуын көрсете аламыз деп үміттенемін», - Nomad Stunts тобының жетекшісі, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов.

Nomad Stunts каскадерлер тобы көп жылдан бері ірі масштабтағы түрлі мемлекеттік іс-шараларға қатысып келеді. 2016 жылы KADEX-2016 Халықаралық көрмесінде, Халықаралық әскери ойындарда, сондай-ақт Астана күнінде, Алматы қаласының 1000 жылдық мерекесінде жылқымен акробатикалық шоу көрсетті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер