Нұрлан Қоянбаев: «Қазақша - демек бұл жақсы»
Алматыда «Бизнес по-казахски» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті, фильмнің бас продюсері Нұрлан Қоянбаев. Дебюттық киножобаны белгілі КВН-ші және теле жүргізуші режиссер Жеңісхан Момышевпен және актерлер Гүлназ Жолановамен, Жан Байжанбаевпен бірге таныстырды.
«Комедия өз күшімізбен, шын жүректен түсірілді. Біз фильмді ұлттық менталитетімізге қарай түсірдік. «Қазақша» деген сөзді көп жағдайда жағымсыз жағынан қабылдаймыз. Қазақша, яғни бұл дегеніміз өте жақсы, кең пейілді дегенді айтатын уақыт жеткен секілді. Өз менталитетіңнен ұялу – ақымақтыз. Әр елдің және өңірдің өз түсінігі, өз құндылықтары бар», - деді Нұрлан Қоянбаев.
Продюсер фильмнің ЭКСПО-2017 көрмесімен еш қатысы жоқ екенін айтты.
Музыкант және клипмейкер Жеңісхана Момышев үшін де комедия толық метрдегі дебюті.
«өз фильмінде кез келген режиссер белгілі бір идеяны жеткізгісі келеді. «Бизнесе по-казахски» фильмінің де тәрбиелік мәні бар, бұл – өз туыстарыңды бағалау. Өз басым отбасынан бөлініп, ауылдан қалаға қашып келген, тустарымен араласпайтын талай адамды білемін, талай оқиғаны білемін. Кейбіреулер тіпті туыстарын табалдырығынан аттатпайды», - дейді режиссер.
Фильм актерлері де тыс қалған жоқ. Жан Байжанбаев та комедияда алғаш рет ойнағанын айтты.
«Неге екенін, Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильмін санамағанда мені ылғи да мелодрамамаларға шақырады. Енді міне, Нұрлан мен Жеңісхан мені комедиялық фильмге түсуге шақырды. О баста мен бұл ұсынысқа күмәнмен қарадым, бірақ келістім. Мен үшін актер ретінде жаңа образ және жақсы тәжірибе болды. Қолымнан келді ме, жоқ па, оның бағасын көрермен береді», - дейді Байжанбаев.
Продюсер мен режиссердың дебютімен құттықтауға және қолдау білдіруге режиссер Ақан Сатаев, актриса Әсел Сағатова, Дәурен Айдарқұлов және отандық киноның басқа да жұлдыздары келді.
«Бизнес по-казахски» комедиясы прокатқа 29 желтоқсаннан шығады. Фильмдердің кестесін «Бродвей» кинопорталының кинотеатрлар афишасынан біле аласыз.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін