È

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы саундтрегінің тұсаукесері

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы саундтрегінің тұсаукесері

Баян Мақсатқызы (Есентаева) «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының саундтрегін жарыққа шығарды. «Махаббат баяны» музыкалық шығармасын Qazaqstan телеарнасының көрермендері алғашқылардың бірі болып тыңдады. Туындының музыкасын Арман Дүйсенов жазған. Композицины Kesh You тобы орындады.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы Қозы мен сұлу Баянның романтикалық махаббат хикаясын баяндайды. Бірақ, тағдыр оларды тезгісіне салып, махаббаттарын сынаққа алады. Кейіпкерлер бақыттар үшін күресуге тырысады.

Кадр из клипа «Махаббат баяны»

Көпсериялы фильм Іле Алатауының бөктерінде, Ассы үстіртінде түсірілді. Жобаның бас продюсері - Баян Мақсатқызы, режиссері - Дархан Сәркенов. Өндірісімен Shine production компаниясы айналысты.

Басты кейіпкерлерді жас актер Ержан Мұқатаев пен актриса Гүлзада Тұрлаш сомдады. Олардың өз рөлдерін қалай орындап шыққанын көрермендер жақына арада білетін болады. Сонымен қатар, хикаяға Марат Абай-Ділдә, Тұрсын Құралиев және Махаббат Сарқытбаева түсті.

Авторлардың айтуынша, барлығы 6 бөлім көрсетіледі.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 қараша 2017, 13:31

я рад,что Баян Максаткызы, сняла фильм о исторической традиции и быта о Казахстане. Ключевой момент сыграла Гульзада Турлаш. Как и принято по меркам традиции 13 летняя девушка образа Баян сулу.

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер