È

Аптадағы тұсаукесерлер: Өміріңді өзгерт

18 қазаннан басталатын апта тұсаукесерлері

Бұл апта көрермендерді комедия мен триллер жанрындағы жаңа туындылармен қуантады. Кішкентай көрермендер де назардан тыс қалмақ емес, олар «Мұзбалақ», «Бақа Риббит», «Құбыжықтың шәкірті» картиналарын тамашалай алады.

 

«Ұлы дала комедиясы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.10.18

Мемлекеті: Қазақстан

Режиссёрі: Дархан Сәркенов

Рөлдерде: Төреғали Төреәлі, Мадина Оспан, Ғазиз Ерболат, Жанболат Найзабеков

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Сюжетте атақ пен байлықта шалқып өмір сүріп жүрген әнші Төреғали Төреәлі суреттеледі. Бір күні өзінің алаңсыздығынан ол барлығынан айырылып, қарапайым жігіт Талғатқа айналады. Енді ол өзінің бұрынғы өмірі үшін күреседі.

 

«Мұзбалақ»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.10.18

Мемлекеті: Қазақстан

Режиссёрі: Тұрдыбек Майдан, Тілек Төлеуғазы

Рөлдерде: Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Ерғали Төлебаев, Алма Әділқызы

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: жоқ

Мультфильм сюжеті адамзат пен мұзбалақ құстың мықты достығы жайлы баяндайды, мұзбалақ дұшпанын да жеңе алатын қасиетке ие.

 

«Хэллоуин»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.10.18

Мемлекеті: АҚШ

Режиссёрі: Дэвид Гордон Грин

Рөлдерде: Джуди Грир, Джейми Ли Кёртис, Вирджиния Гарднер, Уилл Пэттон, Ник Касл, Майлз Роббинс, Тоби Хасс, Дилан Арнольд, Джефферсон Холл, Энди Мэтичак

Жанры: триллер, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Зұлымдық ұйықтамайды, ол әрдайым қайтып келеді. Майкл Майерс қылмыстарын аяқтамай жатып, қайтадан кінәсіз адамдарды өлтіре бастайды.

 

«Супер Бобровтар. Халықтық кек алушылар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.10.18

Мемлекеті: Ресей

Режиссёрі: Дмитрий Дьяченко

Рөлдерде: Павел Деревянко, Роман Мадянов, Владимир Толоконников, Оксана Акиньшина, Ирина Пегова, Даниил Вахрушев, Елена Валюшкина, Роман Курцын, Стас Оксаний, Владимир Паршенков

Жанры: комедия, отбасылық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Бобровтардың хикаясы жалғасады. Бұл жолы олар Таиландта. Олар сот төрелігінен қашып жүріп, циркта өнер көрсетуге мәжбүр болады.

 

«Құбыжықтың шәкірті»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.10.18

Мемлекеті: Жапония

Режиссёрі: Момор Хосада

Рөлдерде: Сета Сомэтани, Кодзи Якусе, Кумико Асо, Судзу Хиросэ, Мамору Мияно, Аои Миядзаки, Сумирэ Морохоси, Кэиси Нагацука, Каппэи Ямагути, Кадзухиро Ямадзи

Жанры: аниме, мультфильм, шытырман, фэнтези

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Токиода адасып қалған Киото басқа әлемге тап болады, ол жақта оны аю тәрбиелеп, жауынгерлік өнер үйретеді.

 

«Александр Христофоровтың мәңгілік өмірі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.10.18

Мемлекеті: Ресей

Режиссёрі: Евгений Шелякин

Рөлдерде: Алексей Гуськов, Тимофей Трибунцев, Оксана Фандера, Роман Курцын, Игорь Угольников, Лидия Вележева, Полина Пушкарук, Станислав Любшин, Анастасия Сомова, Александр Гох

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Александр Христофоровтың өмірінде барлығы астан-кестең: мансабы құрдымға кетті, ұлы өзін көргісі келмейді, махаббатта жолы болмады. Бірақ, тағдыр оған барлығын өзгертетін әйел сыйлайды.

 

«Үйге қош келдің»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.10.18

Мемлекеті: АҚШ

Режиссёрі: Джош Рэтлифф

Рөлдерде: Аарон Пол, Риккардо Скамарчо, Кэти Луиз Саундерс, Элис Беллагамба, Франческо Аквароли, Evgeny Krylov, Игорь Михайлов, Дафна Александр, Федерико Росси

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Қос ғашық қарым-қатынастағы мәселелерін шешу үшін итальяндық тыныш мекенге аттанады. Бірақ, олар тоқтаған үй иесінің жас жұпқа арналған жаман жоспары бар екен.

 

«Галвестон»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.10.18

Мемлекеті: АҚШ

Режиссёрі: Мэлани Роллан

Рөлдерде: Бен Фостер, Эль Фаннинг, Лили Рейнхарт, Мария Вальверде, Бо Бриджес, Роберт Арамайо, Эдеперо Одуйе, Тинсли Прайс, Эннистон Прайс, Хайди Левандовски

Жанры: атыс-шабыс фильмі, драма, қылмыстық, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сюжетте жас жігіт Кэди баяндалады, ол қылмыс беделдерінің жолын кесіп, өзімен бірге жас жезөкшені ертіп алады да, қашып кетеді.

 

«Бақа Риббит»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.10.18

Мемлекеттері: Малайзия, АҚШ

Режиссёрі: Чак Пауэрс

Рөлдерде: Шон Эстин, Тим Карри, Расселл Питерс, Черами Ли, Эльза Ирдалинна, Амелия Хендерсон, Сонни Фрэнкс, Кристина Ороу, Кенни Доул, Валентайн Коули

Жанры: комедия, мультфильм

Жас шектеуі: жоқ

Бақа Риббит ешкімге ұқсамайды. Ол басқалар сияқты суды жақсы көрмейді және секіруді білмейді. Бірақ, бұл оның шытырман оқиғаларға тап болуына кедергі келтірмейді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер