È

Аптадағы тұсаукесерлер: Достық дәнекері

15 наурыздан басталған апта тұсаукесерлері

Бұл аптада отандық көрермендерді 10 кино тұсаукесер күтуде. Айналым жаңалықтарының арасында екі отандық картина бар: шынайы оқиғаларға негізделген «Алтыншы бекет» әскери драмасы және мектеп достары жайлы баяндайтын «Класстастар» комедиясы. Қызықты фильмдердің арасында «Tomb Raider: Лара Крофт» шытырман оқиғалы атыс-шабыс картинасы және «Елестер елі» қорқынышты фильмі кездеседі.

 

«Алтыншы бекет»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Серікбол Өтепбергенов

Рөлдерде: Санұржан Сүлейменов, Жасұлан Өмірбек, Серік Салқынбаев, Саят Исембаев, Ерболат Тоғызақов, Ғани Құлжанов

Жанры: драма, қылмыстық фильм

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Сюжетте сыныптастар Ерлан мен Дәурен. Жағдайға байланысты, жігіттер бірнеше жылдардан кейін тордың екі жағында болады. Даурен – тұтқын, ал Ерлан – соны қорғап жүрген сарбаз. Екеуі де қиын таңдауға жасауға мәжбүр болатын оқиғаның куәгері атанады.

 

«Класстастар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Ернар Нұрғалиев

Рөлдерде: Әсел Сәдуақасова, Дәурен Айдарқұлов, Олжас Абай, Әсел Қалиева

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Әлия жалғыз тұрады әрі көп адаммен араласпайды. Кейде ол мектеп бітіру кешінің бейнежазбасын көріп отырып, мектептегі достарын еске алады. Сынып жетекшісінің ауруханаға түсіп қалғанын естіген Әлия сыныптастардың барлығын жинауды ұйғарады.

 

«Шерлок Гномс»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеттері: АҚШ, Ұлыбритания, 2018

Режиссері: Джон Стивенсон

Рөлдерде: Джонни Депп, Джеймс МакЭвой, Эмили Блант, Мэгги Смит

Жанры: мультфильм, фэнтези, детектив

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Лондон бойынша ергежейлілер жоғалып кете береді. Үйге келген Гномео мен Джультетта отбасының із-түссіз жоғалғанын байқайды. Қалада не болып жатқанын білу үшін олар белгілі тыңшы Шерлок Гномсқа барады.

 

«Түзелмес жігіт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Саймон Уэст

Рөлдерде: Антонио Бандерас, Ольга Куриленко, Бен Кура, Марк Вэлли

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Бес – жұлдызы сөніп қалған рок-музыкант. Ер азамат әйелімен бірге кезекті демалысқа аттанады. Бірақ, Чилиде белгісіз біреулер әйелін ұрлап кетіп, қайтару үшін 1 млн. доллар сұрайды. Бес мұндай ақшаны оңайлықпен бере алады. Билік араласпағанда, барлығы сәтті өтетін еді.

 

«Елестер елі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеттері: Франция, Канада, 2018

Режиссері: Паскаль Ложье

Рөлдерде: Роб Арчер, Анджела Рашер, Тони Брэга, Милен Фармер, Адам Хертиг

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Әпкелі-сіңлілі Бэт пен Вера ересек шағында зорлық көреді. Біреу олардың үйіне басып кіріп, қыздар мен аналарын өлтіруге тырысады. Бұл жағдай Вераға кері әсер етіп, жадында жатталады, ал Бэт күйзелісті еңсеріп, табысты жазушыға айналды. Бэт қайтадан сол үйге тап болып, бір нәрсенің шикілігін сезеді.

 

«Шимай дәптер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Сергей Мокрицкий

Рөлдерде: Никита Волков, Евгений Ткачук, Ольга Боровская, Юлия Пересильд

Жанры: фантастика

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Бір күні Кирилл туыстары мен таныстарының есінен шығып кеткенін түсінеді. Белгілі болғандай, жігіт маңызды тапсырма – параллель әлемдердің өкілі болу үшін таңдалған. Кирилл көптеген дүниелерді танып-білуі тиіс және басты сұрақ: әлемнің кімді басқарып тұрғанын білуі қажет.

 

«Бёрд ханым»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Грета Гервиг

Рөлдерде: Сирша Ронан, Лори Меткаф, Трэйси Леттс, Лукас Хеждес

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Кристина анасымен бірге кішкентай қалашыққа көшіп келеді. Кейіпкер сол жақта ұзақ тұрақтаған сайын, Нью-Йоркке барып, университетке түсуге құштар болады. Мақсатқа қол жеткізу үшін армандау жеткіліксіз. Кристина әрекетке көшеді.

 

«Tomb Raider: Лара Крофт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссері: Роар Утхауг

Рөлдерде: Алисия Викандер, Доминик Уэст, Дэниэл Ву, Дерек Джекоби

Жанры: атыс-шабыс, шытырман

Жас шектеуі: 13 жасқа дейін

Лара Крофт – ұзақ жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен бақуатты жанкештінің қызы. Бойжеткен сансыз миллиондарға қарамастан, өз жолын өзі қалыптастырады. Ол курьер болып жұмыс істейді, жалдамалы пәтерде тұрады әрі колледжде оқиды. Бірақ, әкесінің жұмбақ түрде жоғалып кетуі Лараны әлі де мазалайды.

 

«Елестетіп көруге болады»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссерлары: Эндрю Эрвин, Эрвин Бразерс

Рөлдерде: Броди Роуз, Деннис Куэйд, Клорис Личмен, Мадлен Кэрролл

Жанры: драма, отбасылық

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Бұл Mercy Me рок-тобының мүшесі Барт Миллардтың хикаясы. 11 жасында Барттың анасы ұлын әкесімен қалдырып, үйден кетіп қалады. Араларындағы қарым-қатынас онша емес еді, бірақ олар бір-бірін жақсы көрді. Барт 18 жасында әкесін жерлеп, біраз жылдан соң оған хитке айналған ән арнайды.

 

Ал, қош келдіңіз, Оксана Соколова»

Қазақстандағы тұсаукесер: 15.03.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Кирилл Васильев

Рөлдерде: Виктор Добронравов, Сергей Бурунов, Алексей Базанов, Игорь Гаспарян

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жолы болмайтын актер Ильяға ақыры жақсы ұсыныс түсті-ау. Ер азаматқа «Ерлер радиосындағы» бағдарламаны жүргізуді ұсынады. Эфир басталар алдында кенеттен Ильяның дауысы жоғалып кетеді. Ауруханада жылдам екпе салдырған кейіпкер әйелдер дауысына ие болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер