È

Аптадағы тұсаукесерлер: Жауап іздеу

30 қарашадан басталған апта тұсаукесерлері

Экранға отандық екі картина: Ақан Сатаевтың «Она» фильмі және Бүркіттің (Айбек Жансейітов) «Апан» атты туындысы шығады. Кинокөрермендерді Джеки Чанның қатысуындағы «Шетелдік» жаңа атыс-шабыс фильмі және жоғалған өркениет жайындағы «Атлантида» әсерлі триллері де қазықтыратыны сөзсіз.


«Она»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.11.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Ақан Сатаев

Рөлдерде: Айсұлу Әзімбаева, Анастасия Вострова, Ярослав Стаховский

Жанры: триллер, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильм кейіпкері – қалада қызымен бірге тұратын бойжеткен. Бір қарағанда, екеуі қалыпты өмір сүріп жүреді. Көрермендерді бір ғана нәрсе – қалада басқа тұрғындардың болмауы таң қалдыруы мүмкін.

 

«Апан»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.11.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Айбек Жансейітов

Рөлдерде: Жан Байжанбаев, Бауыржан Сатов, Айым Алтынбекова, Айлин Елеукенова, Марат Абай-Ділда

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Қыз-жігіттер тобы уақытты көңілді өткізу үшін қала сыртындағы бір үйге келіп тұрақтайды. Бірақ, кейіннен достық отырыс өмір үшін күреске айналады. Барлығына үйге тап басып кірген қылмыстық топ кінәлі.

 

«Колобанга. Сәлем, Ғаламтор!»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.11.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссерлері: Александр Романец, Вячеслав Марченко

Рөлдерде: Михаил Галустян, Александр Ревва, Гарик Харламов

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Ғаламтор әлемінде Антонға хабарлама кезінде көңіл-күйді білдіруге көмектесетін күлегеш-тоқаштар өмір сүреді. Бір күні сол қалашықта мәселелер туындайды. Мәселені шешу мақсатында Челка, Тоқаш пен Ақылды қауіпті саяхатқа аттанады.

 

«Атлантида»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.11.2017

Мемлекеті: Испания, Франция, 2017

Режиссері: Ксавье Жанс

Рөлдерде: Рэй Стивенсон, Иван Гонсалес, Дэвид Оукс, Аура Гарридо

Жанры: қорқынышты, фантастика, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

1914 жыл. Тіршілік жоқ аралға кезекшілігін орындау мақсатында жас метеоролог келеді. Өкінішке қарай, оның алдындағы кезекші тірі қалмапты. Кейіпкер уақыт өте келе, аралда тағы да біреулердің барын сезеді. Алдыңғы кезекшінің сүзектен қайтыс болмағанын түсінеді.

 

«Күлкі мен күнә»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.11.2017

Мемлекеті: Франция, 2017

Режиссері: Фабрис Эбуе

Рөлдерде: Рамзи Бедиа, Фабрис Эбуе, Одри Лами, Матильда Сенье

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Музыкалық продюсер жақын арада әлемге жаңа хит сыйлауы тиіс, болмаса атағынан айырылады. Күйзеліп жүрген продюсер тамаша ойға кенеледі, ол дін қызметшісінен, имам мен раввиннен құралған бойз-бэнд құруды ұйғарады.

 

«Шетелдік»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.11.2017

Мемлекеті: Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, 2017

Режиссері: Мартин Кэмпбелл

Рөлдерде: Джеки Чан, Кэти Льюнг, Руфус Джонс, Марк Тэнди

Жанры: атыс-шабыс, триллер, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Арнайы агент Цюань қару-жарағын тығып тастап, отбасын құрып, тыныш өмір сүріп жатқан еді. Бірақ, сұмдық теракттан соң қызынан айырылғаннан кейін бұрынғы қызметіне қайта оралады. Өйткені, билік кінәлілерді таба алмайды, ал Цюанның жүрегі кекке толы еді.

 

«Конверт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.11.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Владимир Марков

Рөлдерде: Юлия Пересильд, Ольга Медынич, Сергей Барковский

Жанры: триллер, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Мәскеулік компаниялардың біріне қателесіп хат келеді. Жүргізуші Игорьге хатты көрсетілген мекен-жай бойынша жеткізу тапсырылады. Құпияға толы конверт еркектің қолына түскеннен кейін, өмірінде біртүрлі жағдайлар орын ала бастайды.

 

«Коловрат туралы аңыз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 30.11.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссерлері: Джаник Файзиев, Иван Шурховецкий

Рөлдерде: Илья Малаков, Полина Чернышова, Алексей Серебряков, Александр Цой

Жанры: тарих, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Әйгілі Русь құлауға шақ қалды: Алтын Орда әскері жаулап алуға жақын. Жаулап алушыларға ешкім қарсылық көрсете алмаған еді, тек мыңдаған әскерлерді басқарған, батырлығымен Батый ханның өзін қорқытқан Евпатий Коловрат қолына қылышын алады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер