È

Ақан Сатаевтың «Она» фильмі Каир Халықаралық кинофестивалінде көрсетілуі мүмкін

Ақан Сатаевтың «Она» фильмі Каир Халықаралық кинофестивалінде көрсетілуі мүмкін

Astana film fund кинокомпаниясы Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің 39-шы Каир Халықаралық кинофестивалінің байқау бағдарламасына қатысуы үшін өтініш берген. Кинокөрсетілім 22 қарашада басталып, Египет астанасы Каир қаласында өтеді.

«Она» картинасындағы оқиға анасы мен қызы тұратын замануи мегаполиста болған. Екеуі - қаланың жалғыз тұрғындары. Кенеттен бұл жерге бейтаныс біреу келеді.

Фильм сценарийін Тимур Жақсылықов, ал музыкасын Әлім Заиров және Роман Вишневский жазды.

Халықаралық Каир кинофестивалі Египеттің қоғамдық және жекеменшік мекемелерінің қолдауымен 1976 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл - FIAPF Кинопродюсерлер қауымдастығының Халықаралық ұйымы мойындаған Африка мен Таяу Шығыстағы жалғыз фестиваль. Жыл сайын негізгі бағдарламаға әр елден келген 60-қа жуық фильм қатысады.

«Она» фильмі 30 қараша күні тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де кинотеатр айналымына шығады. Фильмнің дистрибьюторы – «Жиырмасыншы ғасыр ТМД Фокс» компаниясы.

Еске сала кетсек, «Она» фильмінің әлемдік тұсаукесері XXII Халықаралық Пусан кинофестивалінде өткен болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер