È

«Қараман» фильмінің продюсерлері жобаның неліктен 2 рет түсірілгенін түсіндірді

«Қараман» фильмінің продюсерлері жобаның неліктен 2 рет түсірілгенін түсіндірді

Биылғы жылы айналымға «Қараман» тылсым триллері шығады, фильм - Alan Cinema Production отандық компаниясының алғашқы жобасы. Көркем фильм жұмыстары жайында толығырақ бас продюсер Мұрат Бекмұратов және атқарушы продюсер Ришат Әділбеков баяндады.

«Alan Cinema Production – үлкен кісілер жұмыс істейтін жас компания. Тобымызға кино саласында тәжірибесі мол нағыз мамандар жиналған. Олар: Ришат Әділбеков – сату мен дамыту жұмыстарына пысық, тәжірибелі продюсер, Айдай Жамбоева – кино мен хикаяларды, ойын-сауықтық бағдарламаларды продюсерлеумен айналысатын маман, Марат Абдуллаев –идеялық шабыттандырушымыз, актер. Сонымен қатар, бізбен театр және кино актері, режиссер Марат Абай-Ділда және идеялық шабыттандырушы, драматург әрі актер Ербол Шүкіров жұмыс істейді», - дейді Мұрат Бекмұратов.

«Қараман» - көне жәдігерлерді іздеп жүргендердің хикаялары. Кейіпкерлер алтын мүсінше туралы естіп, сырға толы қауіпті саяхатқа аттанады.

Продюсерлер фильм түсірілімі туралы алғаш рет 2016 жылы сөз қозғаған. Сол кезде ешкім де бұл идеяның қысқа ғана уақытта көлемді жұмысқа айналарын білмеген еді.

Ришат Әділбеков
Ришат Әділбеков

«Қараман» идеясын ойлап, екі жыл бойы қорытып жүрген Марат Абдуллаев болатын. Бір күні ол Мұрат Бекмұратовпен кездесіп, идеясымен бөліседі. Мұратқа бұл ойы ұнайды да, жұмысқа кірісе кетеді. Ол маған, мен Айдайға хабарластық. Біраз топ жиналған соң, режиссерді, қоюшы-операторды, әкімші мен костюмерлерді, гримерларды анықтадық. Әрқайсымыз тәжірибелі адамды іздедік. 2016 жылы күзде кішігірім топ жиналды, сонымен сынамалы нұсқасын түсірдік. Нәтижесіне қарап отырып, сценарийін өзгертуді, қосымша құралдарды алуды ұйғардық. Біз қайтадан дайындала бастадық: сценарийді қайта жаздық, актерлік құрамды өзгерттік», - деп бөлісті Ришат Әділбеков.

Екінші түсірілім 2017 жылы күзде басталды. Оған Марат Абдуллаев, Ержан Нүсіпақынов, Марат Абай-Ділда, Асан Мәжит, Райхан Айтқожанова және Жұлдыз Сапарғалиева сынды актерлар қатысты.

Шақырылғандардың ішінде режиссер Дастен Шәкіров, қоюшы-оператор Казбек Әмержанов болды. Картина сценарийі жас автор Мейірмани Нұрлыбекке және тәжірибелі кинодраматург Тимур Жақсылықовқа («Она», «Аудандар») сеніп тапсырылды.

Авторлар картинаның әр түрлі жастағы өз көрермендерін табатынына үміттенуде. Дегенмен, «Қараманның» 16 жастан жоғары көрермендерге арналғандығын айтып отыр.

Продюсерлердің айтуынша, тылсым триллердің тұсаукесері қыс мезгілінің соңына қарай жоспарланған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер