È

«Айман мен Шолпан» сериалы экранда

 «Айман мен Шолпан» сериалы экранда

12 қыркүйекте «Қазақстан» телеарнасында отандық «Айман мен Шолпан» сериалының тұсаукесері өтті. Көпсериалы фильмнің өндірісімен «Көркем фильм» кинокомпаниясы айналысады.

Сериал көрерменді егіз қыздармен таныстырады, олар тағдырдың жазуымен екі бөлек өскен. Олардың кездейсоқ кездесуі олардың өміріне түбегейлі өзгеріс әкеледі.

басты кейіпкерлер Айман мен Шолпанды Салтанат Бақаева ойнайды. Актрисаның айтуынша, түрлі кейіпте ойнайтындықтан да ол жобаға бірден қызығушылық танытқан.

Сондай-ақ сериалдың түсіріліміне Үсіпхан Сейтімбет, Ұлан Нүсіпәлі, Камалия Байтүлеуова, Оразхан Кенебаев, Роза Мұқатаева және басқалар қатысты.

Түсірілім тобы үш ай бойы режиссерлер Ержан Рүстембеков пен Айбек Дайырбековтің жетекшілігімен тынбай жұмыс істеді. Картинаның түсірілімі әлі де жалғасуда, түсірілім «Қазақфильм» студиясының арнайы павильонында өтіп жатыр.

«Айман мен Шолпан» сериалы «Қазақстан» арнасында күнделікті жұмыс күндері сағат 21:05-те.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер