È

«Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмінде Назарбаевтың рөлін кім сомдайтыны белгілі болды

«Елбасы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмінде Назарбаевтың рөлін кім сомдайтыны белгілі болды

«Көшбасшы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмінде Назарбаевтың рөлін театр және кино актеры Мұрат Ахманов сомдайтын болды. Киноэпопеяның алғашқы бөлімдерінде президенттің рөлін Нұрлан Әлімжанов пен Берік Айтжанов алып шыққан еді.

«Көшбасшы жолы. Әлем эпицентрінде» фильмі еліміздің Тұңғыш президенті туралы баяндайтын кинокезеңнің алтыншы бөлімі болып табылады. Мұнда ұлт көшбасшысының өмір жолы арқылы тәуелсіз Қазақстанның дамуы көрсетілген.

«Көшбасшы жолы. Әлем эпицентрінде» таспасында 1994 жылдан 1998 жылға дейінгі оқиғалар сипатталады. Фильм режиссері - Ақан Сатаев.

Актер Мұрат Ахманов «Астана-махаббатым менің», «Қара шаңырақ» телехикаялары және «Менің күнәлі періштем», «Аманат» фильмдері арқылы көрерменге танымал. Кино әлеміне аяқ баспас бұрын актер театр қойылымдарында ойнаған, сонымен қатар режиссер әрі әдеби жетекшісі қызметін атқарған.

Режиссер Ақан Сатаев: «Кастингке келген үміткерлердің сыртқы келбетінің ұқсастығынан гөрі, актерлік шеберлігіне мән бердім, - дейді. Ал, актер бейнесін Назарбаевқа барынша ұқсату үшін Лондондық гример Марк Кульердің көмегіне жүгінетінін айтты («Грант Будапешт қонақүйі», «Темір ханым»).

Кең көлемді жобаның қоюшы-операторы - Хасанбек Қыдырәлиев, қоюшы-суретшісі - Назира Байбекова, костюм бойынша суретші - Әлия Ысмағұлова.

Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматыда желтоқсан айында басталады. Ал, қаңтар айында түсірілім алаңы Астанаға қарай ойысады. Кинотуынды үлкен экранға 2018 жылдың соңына қарай жол тартпақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист