È

Qazaqstan телеарнасы «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының аңдатпасын ұсынды

Qazaqstan телеарнасы «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының аңдатпасын ұсынды

25 желтоқсаннан бастап Qazaqstan телеарнасынан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» хикаясы көрсетіле бастайды. 6 бөлімнен тұратын фильмді продюсер Баян Алагөзова режиссер Дархан Сәркеновпен бірге түсірді.

«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» - қайғылы махаббат хикаясы. Сарыбай мен Қарабай есімді екі дос балаларын үйлендіруге уәделеседі. Бірақ, Сарыбай мезгілсіз қайтыс болады, уәде де бұзылады. Қарабай қызы Баянды Қодарға тұрмысқа беруді ұйғарады. Дүниеге келмей тұрып үйленуге уағдаласқан Баян мен Қозы тағдырдың тәлкегіне қарамастан, бір-біріне ғашық болады.

Әйгілі аңыз кейіпкерлерін жас актерлар Гүлзада Тұрлаш пен Ержан Мұқатаев сомдады. Сонымен қатар, хикаяға Тұрсын Тұралиев, Жақсыбек Құрманбеков, Марат Абай-Ділда, Махаббат Сарқытбаева түсті.

Ержан Мұқатаев «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсірілімінде

Картина жазда Іле Алатауының баурайында түсірілді. Түсірілімге XVI ғасырды бейнелейтін арнайы ауыл құрылды.

Режиссер Дархан Сәркеновтың айтуынша, қиындықтар да болды. Басты мәселе - XVI ғасырға сай реквизиттердің жетіспеушілігі. Сондықтан, суретшілер тобы жоқтан бар жасап, тұрмыстық заттарды, киім мен басқа да дүниелерді қайтадан ойлап тапты.

Хикая көрсетілімі жұмыс күндері сағат 21:45-те көрсетіледі.

 

Превью: @ilyahat

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

21 желтоқсан 2017, 22:46

Очень, интересная история любви. Но Думаю, надо было сделать больше серии и глубже историю.

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса