Дархан Сәркенов: «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының түсіріліміне XVI ғасырға сай реквизиттер жетіспеді»
Биылғы жаз маусымы отандық кинематографшылар үшін тыбысты болды. Оның қатарында режиссер Дархан Сәркенов те бар. Қоюшы тарихи жоба – «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясымен алғаш рет жұмыс істеп отыр.
Көпсериялы фильм Іле Алатауында орналасқан әсем жайлау Ассы шоқысында түсірілді. XVI ғасырдың бейнесін көрсету үшін арнайы ауыл құрылды, оны жасауға екі аптадай уақыт кетті.
«Түсірілімде қиындықтар да болды. Ең басты мәселе, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясына XVI ғасырға сай реквизиттер жетіспеді. Кейбіреуі басқа картиналарда пайдаланылған болса, енді бірі бұзылған. Дегемен, біздің топ берілген жоқ, сурет департаментінің шеберлері қажетті атрибуттарды, костюмдер мен заттарды өздері дайындады. Жалпы, түсірілім жоспар бойынша жақсы өтті. Біз бір жағынан жұмыс істесек, бір жағынан Ассының табиғатын тамашалап, демалдық»,-деп айта кетті түсірілім туралы Дархан Сәркенов.

Картина түсіріліміне өз ісінің нағыз мамандары асталысты. Операторлық топты Александр Рубанов, ал суретшілерді Ахмет Қожабек басқарды. Топтың керемет жұмысына бас продюсер Баян Есентаева және атқарушы продюсер Гүлнар Байбосынова бас-көз болды.
Әйгілі жұп - Қозы мен Баянды жас актерлар Ержан Мұқатаев пен Гүлзада Тұрлаш сомдады.

«Біз Гүлзада екеуіміз «Қазақ аруы» хикаясынан бері бірге жұмыс істеп келеміз. Ол сұлу әрі дарынды актриса, кино саласында болашағы бар. Ержанмен де бұрыннан таныспыз. Бірақ, дәл осы жобада ол мені таң қалдырды. Ержан барынша тырысты: мәтінді жаттап, қосымша материалдарды үйреніп жүрді, тарихи фильмдерді көрді. Маған режиссёр ретінде балалармен жұмыс істеу ыңғайлы болды. Екеуі де түсірілім алаңына түрлі идеялармен келіп жүрді»,-деп қоса кетті режиссер.
Сондай-ақ, жобаның актерлік құрамына Тұрсын Құралиев, Жақсыбек Құрманбеков, Марат Абай-Ділдә және Махаббат Сарқытбаева кірді.
«Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы «Қазақстан» телеарнасынан осы күзде көрсетіледі.
Суреттер Дархан Сәркеновтың жеке Instagram парақшасынан алынды






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін