È

Нұртас Адамбайдың «Жеделсаты» триллері осы күзде айналымға шығады

Нұртас Адамбайдың «Жеделсаты» триллері осы күзде айналымға шығады

2018 жылдың 11 қазанында киноэкраннан Нұртас Адамбайдың «Жеделсаты» атты алғашқы триллері көрсетіле бастайды. Фильм түсірілімі былтырғы жылдың ақпан айында Алматыда өтті. Картинаға Исбек Әбілмәжинов пен Жандос Айбасов түсті.

Сценарий авторы, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай кинотаспаны марқұм болған жақын досы Бауыржан Оралбековке арнады.

«Тараздан» соң комедиялардың сүйікті фильмдерім екенін түсіндім, бірақ драмаға деген қызығушылығым артты. Жақында біреу менен «Жеделсатыға» қаншалықты көңілім толатынын сұрады. Мен әзірге қоржынымда өзімнің көңілім толатындай фильмдердің жоқтығын айттым. Өз жұмыстарымды көре алмаймын, себебі көрсетілім кезінде кейбір кемшіліктерім үшін өз-өзіме ұрыса бастаймын. Барлығын қайта түсіргім келіп тұрады. Бірақ, солай дұрыс та шығар? Мен өз-өзіме «риза» болсам, шығармашылығым тоқырап қалатын сияқты. Осы фильмді түсіргенімізге қуанамын. Басқалардың күткенін емес, өзің қалаған дүниені жасаған қандай керемет.

Фильмді қымбатты досым, бауырым Бауыржан Оралбековке арнауды ұйғардым», - деп хабарлады Нұртас Адамбай Инстаграм парақшасы арқылы.

«Жеделсаты» триллері кәсіпкер мен күзетші жайлы баяндайды. қоғамның екі түрлі санатының өкілдері жеделсатыға бірнеше тәулікке қамалып қалады. Сол уақыт аралығында әрқайсысы өмірге деген өзіндік көзқарастарын дәлелдеуге тырысады.

Картина түсірілімі 2017 жылдың ақпанында Алматыда өтті. Тұсаукесері сол жылдың күзінде болуы тиіс еді, бірақ кейін белгісіз уақытқа ауыстырылған болатын.

«Жеделсаты» фильмінің трейлері мен постерін «Бродвейден» көре аласыздар.

 

Друзья, 11 октября этого года состоится долгожданная (нами) премьера психологической драмы "Лифт"! Спасибо всем, кто принял участие в данном проекте! Спасибо тем людям, которые искренне хотели помочь нам с финансированием этой картины, но, к сожалению, не смогли. Ваше желание помочь нам подтолкнуло нас все же взяться за "Лифт", о чем мы ни разу не жалеем! После "Тараза", я понял, что комедии - это мои любимые фильмы, но страсть затаилась в драмах. Недавно кто-то спросил меня доволен ли я "Лифтом". Я ответил, что в моем багаже пока еще нет фильма, которым я был бы доволен сам. Я не могу смотреть свои работы, так как во время просмотра я невольно начинаю себя ругать за те или иные погрешности. Хочется взять и переделать все заново. Но может так оно и лучше? Мне кажется, что как только я скажу себе, что "я доволен собой", в этот момент творчество во мне иссякнет. Я рад, что мы сняли этот фильм. Круто, когда ты можешь делать то, что ты сам хочешь, а не то, чего от тебя ждут другие. 11 октября, друзья, приходите в кино! Фильм я решил посвятить своему дорогому другу, брату - Бауыржану Оралбекову. Баке, тебя очень не хватает. #фильмЛифт

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ғабит Мұстафа

Актер

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер