È

I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кино байқауына қатыс!

I Республикалық «Байқоңыр»  қысқаметражды кино байқауына қатыс!

Алматыда алғаш рет I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кино байқауы өтеді. Кинофестиваль жас режиссерлер үшін жақсы тәжірибе алаңы болмақ, мұнда қазақ киносының жаңа есімдері ашылады.

Фестиваль ұйымдастырушылары - «Бродвей» (Brod.kz) кәсіби кинопорталы.

«Байқоңыр» қысқаметражды кино байқауы 17-18 қыркүйекте Көк-Төбеде өтеді.

Фестиваль аясында байқауға қатысатын және байқаудан тыс фильмдер де көрсетіледі. Онлайн-өтініштерді қабылдау 1 тамызда басталып кетті және 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Онлайн-өтнішті мына сілтеме бойынша жіберуге болады.

Байқауға Қазақстанда 2015 және 2016 жылдары түсірілген қысқаметражды анимациялық, деректі, көркем фильмдер қатыса алады. 29 жасқа дейінгі режиссерлердің жұмыстары қабыладанды.

Фестивальдің қазылар алқасы 7 адамнан құырлған, олар Қазақстан кинемотографиясының дамуына үлес қосып жүрген жандар. Қазылар алқасы: режиссер және сценарист Рашид Нұғманов, режиссер және сценарист Әділхан Ержанов, кинотанушы Гүлнар Әбікеева, режиссер және киносыншы Төлеген Байтүкенов, Eurasia Spotlight директоры Ильяс Ахмет, продюсер Сабина Күзенбаева, оператор Азамат Дулатов.

Фестиваль қорытындысы бойынша, жеңімпаздар келесі аталым бойынша анықталады: «Гран-при», «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік сценарий», «Үздік экспериментальды фильм», «Үздік деректі фильм», «Үздік анимациялық фильм», «Бродвей» таңдауы», «Арнайы жүлде».

Мүсін авторы Орынхан Рахимбеков, фестиваль директоры Ануар Кенжибаев

10 атиалым бойынша жеңімпаз атанғандар эксклюзивті «Байқоңыр» мүсініне ие болады, бұл мүсін I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кино байқауы үшін арнайы жасалған. Биылғы жылдың мамыр айында «Сотвори» атты байқау ұйымдастырылған, онда он мүсін қатысты.Дауыс беру қорытындысы бойынша бірінші орын Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі Орынхан Рахимбековке бұйырды.

«Байқоңыр» қысқаметражды кино байқауының «Гран-при» иегерінің жұмысы XII Халықаралық «Евразия» кинофестиваліне қатысады.

Фестиваль серіктестері: RocketFirm.com, «Тұран» университетінің Кино және телевидение академиясы, Көк-Төбе, Esquire Kazakhstan, PAPARAZZI club, «Давай сходим!», «Тикетон» компаниясы.

I Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кино байқауы жайлы жаңалықтарды байқаудың ресми сайтынан көре аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер