È

Мадридте қазақстандық кино циклі басталды

Мадридте қазақстандық кино циклі басталды

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мадридте Қазақстандық кино күндері басталды. Ұйымдастырушысы «Қазақфильм» киностудиясы, Испаниядағы ҚР елшілігі және «Дом Азии» ұйымы.

Отандық кино циклі аясында «Қазақфильм» киностудиясының фильмдері көрсетіледі: «Голос степи» (режиссер Е. Шынарбаев), «Дорога домой» (режиссер Р. Сүлейменов), «Кенже» (режиссер Е. Тұрсынов), «Жаңғақ ағашы» (режиссер Е. Нұрмұхамбетов).

«Дорога домой» фильмінен кадр

Шетелдік көрерменді Қазақстанның мәдениетімен, өнерімен, тарихымен таныстыруға бағытталған мекі ел арасындағы достық байланысты нығайцта түспек. Шара 20 қазанға дейін жалғасады.

Фильмдер «Cine Dore» кинотеатрында испан тіліндегі субтитрлармен көрсетіледі.

Мұндай көрсетілімдер биылғы жылдың көктемінде Барселонада өткен болатын.

 

Превью фотосы: «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер