È

«Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы»: Ғарыш әлемі

«Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» фильміне пікірнама

28-29 шілде аралығында Астана қаласында өткен XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жабылу салтанатында белгілі француз режиссері Люк Бессонның «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» фильмінің көрсетілімі болды. Бұл - фильмнің Қазақстанда алғаш көрсетілуі және қазақ тіліне дубляждалған нұсқасы.

Фильм фантастикалық жанрда түсірілген. Фильмнің оқиғасына 1967 жылдан 2010 жылға дейін шыққан «Валериан және Лорелин» атты танымал француздық комикстер топтамасы арқау болған. 2700-ші жылдар шамасында өрбитін оқиғаның басты кейіпкерлері Валериан (Дэйн ДеХаан) және Лорелин (Кара Делевинь) Альфа атты алып ғарыштық станцияда жұмыс істейді. Галактиканың орталығы болып табылатын бекет қорғаушыларының басты міндеті – мекен еткен ғарыштың қауіпсіздігін сақтау. Алайда, кезекті жасалған шабуылдың мәні қалапты жағдайдан бөлек.

Фантастикалық тақырыптағы фильмдердің тарихына шолу жасайтын болсақ, ғарыштың визуалдық бейнесін қалыптастыру талпынысы үзілмей жалғасуда. Жорж Мельестің «Айға саяхат» фильмінен бастау алған декорациялық мүмкіндіктер бүгінде техниканың қарқынды дамуына орай компьютерлік арнайы эффектілермен алмасты. Кейіпкерлер бейнесінің көркемдік сипаттау ерекшелігі, фильмнің құрылымдық деңгейі шыңдалды. Дегенмен, фантастикалық фильмдердің ортақ мәселесі, айтар ойы сол қалпында қалғанын аңғаруға болады. Яғни, жау алыстан келмейді, адамзаттың жауы – адам. Мысал ретінде 2009 жылы жарық көрген «Аватар» (реж. Джеймс Кэмерон) фильмін де қарастырсақ болады.

Фильмнің ұстанған бағытына сай түсініктер, қалыптасқан заңдылықтар баршылық. Өзге әлем өлшемдері мен кейіпкерлер бейнесі, ғарыштық кемелер, әсерлі көркемдік шешімдер, оқиғаның шиеленісі және т.б. Сонымен қатар, мұндай фильмдердің реалистік картиналардан ерекшелігі - ойдан туындайтын кейіпкерлер сипаты болары белгілі. Фильмдегі әрбір әлем кейіпкерлерінің өзіне тән табиғаты бар. Кейіпкерлердің болмысы, сомдалған образдардың қайталанбауы арқылы, режиссер межелі мақсатын көрерменге жеткізе білген.

Кино өнері кеңістігінде режиссер Люк Бессон шығармашылығының орны елеулі. Сондай-ақ, ерекше бағыттағы фильмдер қатарында «Валериан және мыңдаған ғаламшардың қаласы» картинасы жаңа деңгейдегі көркемділікті бағындырды.

Киноға Ержан Жұмабеков барды

Оцените рецензию

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист