È

Динара Бақтыбаева «11-ықшам ауданындағы атыс» фильміндегі кейіпкердің образына ғашық

Динара Бақтыбаева «11-ықшам ауданындағы атыс» фильміндегі кейіпкердің образына ғашық. Қазақстан киносы

Актриса Динара Бақтыбаева Әділхан Ержановтың «11-ықшам ауданындағы атыс» фильміне түсті. Бойжеткен басты әйел рөлін сомдады, бұл туралы актриса Ratel.kz сайтына берген сұхбатында толығырақ айтып берді.

Динара кейіпкердің бірден ұнағанын жасырмады. Ол жаңа образда өзін жеңіл әрі еркін сезінген.

«Кейіпкерім шынында да өте жарқын, еті тірі, сондықтан оны бірден түсіндім және маған образға ену оңай болды»,-деп бөлісті актриса.

«11-ықшам ауданындағы атыс» фильмінің түсірілімінен сурет

«11-ықшам ауданындағы атыс» драмасы қыз бен жігіттің арасында болған оқиғаны баяндайды. Алайда, Бақтыбаеваның айтуынша, кейіпкерлер өз сезімдерін бір-бірінен жасырады. Сондай-ақ, драманың басты тақырыбы махаббат емес. Фильмде қазіргі қоғамда көбейіп кеткен «көкелер жүйесі» туралы әңгіме қозғалмақ.

Бойжеткен бұл жүйенің бұрыннан бері, тіпті «Бойжеткен мен жігіт» мелодрамасындағы дебютті рөлінің алдында мазалап жүргенін, бірақ ол туралы ешкімге тіс жармағанын жасырмады.

Динара сұхбат барысында актерлік мансаппен қоштасуға асықпайтынын жеткізді. Оның үстіне, актриса кино саласы бойынша кәсіби мамандық алуды ойлап жүрген көрінеді.

 

Превью: Виктория Бар

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер