È

Қазақ деректі киносы күндеріне 3000 көрермен қатысты

Қазақ деректі киносы күндеріне 3000 көрермен қатысты

Алматыда Қазақ деректі киносы күндері аясында соңғы көрсетілім өтті. Фестивальдің жабылуында Еркебұлан Бектуровтың «Отан неден басталады» фильмі көрсетілді.

Картина кейіпкері – кәсіпкер Иван Сауэр. Азамат Ақмола облысында орналасқан Отан ауылын өз күшімен көтереді. Бүгінгі таңда бұл ауыл Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық кәсіпорны болып табылады.

«Отан неден басталады» фильмінің түсірілімінен сурет

Қазақ деректі киносы күндері «Қазақфильм» және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының бастамасымен қазанда басталған. Көрермендерге алғаш рет Бақыт Қайырбековтың «Қазақ ренессансы. Жұмат Шанин», Әсия Байғожинаның «Сенім іздеу жолында», Олег Беляловтың «Алтын Емел», Владимир Тюлькиннің «13 шақырым», Ғазиз Насыров пен Анвара Садықованың «Қазақ биі», Евгений Лумповтың «Түрлердің үйлесімділігі» және Айнұр Ахметжанованың «Жігіттер оны Батя деп атайды» кинотаспалары көрсетілді.

Фестивальге 3000 көрермен келді.

Айта кету керек, фестивальде көрсетілген картиналар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Қазақфильм» киностудиясының негізінде өндірілген.

 

 

 

Суреттерді Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі ұсынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер