È

«Конг: Остров черепа» фильмі прокатта «Логанды» көшбасшылықтан ысырды

 9-12 наурыз аралығындағы кассалық табыс

Тұсаукесерлік апта «Конг: Остров черепа» картинасы мен «Айдаһарлардың әміршісі» анимациясы үшін сәтті басталды. Екі отандық комедия «Келинка тоже человек» пен «Всё из-за мужиков» көшбасшылар бестігінде нық орнығыпты.

Прокатта көш бастап тұрған «Логан» картинасын жаңа фантастикалық фильм «Конг: Остров черепа» орнынан сырғытты. Картина 308 043 260 теңге жинады. Аса жағымды емес болжамдарға қарамастан фильм Америкада 61 миллион доллар кассалық табыс әкелді. О баста режиссерлық тақты Джо Корниш үмітті болған, бірақ ол бас тартты, сонымен оның орнын Джордан Вот-Робертс басты. Фильмге Майкл Китон мен Джонатан Кимбл Симмонс түсу керек болған, алайда кейіпкерлерді Джон Си Райли мен Сэмюэл Лерой Джексон ойнады.

Рейтингтегі екінші орында – «Зверопой». Анимация 123 744 150 теңге пайда түсірді. Illumination Entertainment студиясының ең ұзақ мультфильмі: «Зверопоя» ұзақтығы 108 минут, ал «Гадкий Я» және «Тайная жизнь домашних животных» мультфильмдерінің ұзақтығы 100 минуттан сәл аздау болатын. қазіргі кезде кассалық табысы әлем бойынша 400 миллион дроллардан асты. Кейбір елдеоде «Зверопой» әлі прокатқа шығып үлгермегендіктен жалпы табысы 500 миллион доллардан асып жығылады деген болжам бар.

«Зверопой» фильмінен кадр

Өкінішке орай отандық прокаттағы көшбасшылықтан «Логан» фильмі түсіп қалды. Фильм 121 718 810 теңге табысымен үшінші орында. Америкалық көрермен қоржынды 38 миллион долларға толтырып, штаттарда рейтинг бойынша екінші орынға жайғастырған болатын. Кинолентада Профессор Икс (Патрик Стюарт) бас кейіпкерлердің бірі болған алғашқы фильм, бұған дейінгі франшизаларда ол тек эпизодтарда көрінетін. Стюарт Патрик үшін фантастикалық боевик соңғы рет профессор кейпіне енген фильм болды.

«Келинка тоже человек» комедиясының әзірге тұғырдан түсетін ойы жоқ. Прокаттағы үшінші аптадағы табысы 22 451 000 теңге, ал жалпы табысы 131 613 000 теңге. Бұл Әсел Сәдуақасованың үшінші продюсерлік жобасы. сондай-*ақ ол өзі басты рөлді ойнайды: бұған дейінгілер «Адель» және «Замуж в 30». Продюсердің айтуынша, фильмнің идеясы өткен жылдың жазында туған, кейін ол фильмді түсіруге режиссер Асқар Ұзабаевқа ұсыныс жасаған. Өткен жылдың күзінде шығармашылық бірлестік картинаның түсіріліміне кірісті.

Тағы бір отандық комедия «Всё из-за мужиков» көшбасшылар бестігінде тұрақтап тұр. Прокаттың екінші аптасында комедия 18 453 230 теңге табыс әкелді. Фильмнің жалпы табысы 61 120 290 теңге. Көптеген көріністер компьютерлік графиканың көмегімен түсірілген. Мысалы, кейіпкерлердің таксиге отырып алып елорданың көшелерімен қыдыруы «Қазмедиа орталығындағы» жабық павильонда түсіріліпті. Режиссер Данияр Алшиновтың кейіпкерін түсіруде аздаған қулыққа барған. Актер бұған дейінгі жобада аяғын жарақаттап алған екен. Түсірілім тобы актердың ақсап жүргенін көрерменге байқатпауға тырысыпты.

«Всё из-за мужиков» фильмінен кадр

Айдаөарлардың әміршісі» анимациясы үшін тұсаукесерлік апта сәтті болды. Фильм 15 125 850 теңге жинады. Украиндық аниматорлардың жұмысы толықтай қазақ тіліне дубляж жасалды, дубляжды жасаған Kinotechnology компаниясы. Дублж актерлері: Чингиз Капин, Ерден Телемісов, «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Дінмұхамед Дәулетов, әнші Ева Бехер және бюасқалар. Актерлердің айтуынша дубляж барысы бір аптадан аз уақытты алған.

Бір айға жуық прокатта жүріп жатқан «В поисках мамы» комедиясы әлі де миллиондар әкелуде. Комедиялық драма өткен аптада 11 832 420 теңге табыс әкелген болатын, ал жалпы табысы 305 608 710 теңге.

Прокаттағы екінші апта «Золото» фильміне 10 418 400 теңге пайда әкелді,ал прокатағы алғашқы апта «Т2 Трейннспоттинг» картинасына 7 949 900 теңге табыс алып келді.

 

*Материал Rentrak және Ticketon.kz жүйесі деректері бойынша әзірленді

Қазақстанда Rentrak Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісіне қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер