È

«Инстаграмшыл қыз» айналымдағы үздік бестікке енді

28 маусым мен 1 шілде аралығындағы кассалық жинақ

28 маусым мен 1 шілде аралығында отандық айналымға «Сен жүргізесің!» американдық таспасы, «Апат ықпалында» драмасы және «Инстаграмшыл қыз» қазақстандық комедиясы шықты. Киномандарға қандай жаңалықтар ұнады екен, Қазақстандағы кассалық жинақ* рейтингі қандай, төменнен оқыңыздар.

Өткен аптаның үздігі «Сен жүргізесің!» комедиясы болды. Картинаның тұсаукесерлі жинағы 63 186 750 теңгені құрады. Фильм негізіне Вашингтон штаты мектептерінің бірінде оқитын сыныптастардың шынайы оқиғасы арқау болған. Сценарийімен «Келісім-шарт» (1999) толық метрін түсірген Марк Стеилен және үлкен кинодағы дебютант Роб МакКиттрик айналысты.

«Оушеннің 8 құрбысы» таспасы бірінші орыннан екіншіге түсіп қалды. Айналымдағы екінші апта картинаға 47 465 600 теңге сыйлады. Дженнифер Лоурен Энн Хэтэуэй сомдаған рөлге қарастырылған болатын. Сара Полсонның орнына Тэмми кейіпкерді Элизабет Бэнкс Аштық ойындары») сомдауы мүмкін еді. Алайда актриса жобадан кетуге мәжбүр болған.

«Сен жүргізесің!» фильмінен көрініс
«Сен жүргізесің!» фильмінен көрініс

«Суперотбасы 2» мультфильмі айналымдағы үшінші аптада 33 303 156 теңге жинады. Сценаристер сиквелге жаңа суперқаһармандарды енгізді: олар жиырмадан асады. Бірақ, бірінші бөлімдегі Мираж есімді жұмбақ кейіпкерді көрермендер көре алмайды. Себебі, аталмыш кейіпкерді дыбыстаған актриса Элизабет Пенья қайтыс болып кетті. Элизабетті еске алу құрметіне орай оның кейіпкері анимацияның екінші бөліміне шықпады.

«Тосын апат» драмасы 20 025 500 теңге жинады. Кинотаспа 1983 жылы Тынық мұхитында болған шынайы оқиғаға негізделген. Таспа қойылымымен Бальтасар Кормакур айналысты, ол бұрын «Эверест» (2015) және «Пучина» (2012) фильмдерін түсірген. Бұл екі картина да шынайы оқиғаларға негізделген.

Үздік бестіктің соңында «Инстаграмшыл қыз» отандық комедиясы тұр. Фильмнің алғашқы жинағы 19 374 495 теңгені құрайды. Фильм «Q-елi» танымал скетчкомының толықметражды нұсқасы болды. Картинадағы басты рөлді Анар Батырхан сомдады, бұл оның толық метрдегі дебюті болды.

«Тосын апат» фильмінен көрініс
«Тосын апат» фильмінен көрініс

«Юрск кезеңі әлемі 2» фильмі 13 298 250 теңге көлемінде пайда тапты. Былтырғы жылдың желтоқсанында Джефф Голдблюм өзінің жобаға қатысатынын ресми түрде растады. Актер «Юрск кезеңі әлемі» (1993) және «Юрск кезеңі әлемі 2: Жоғалған әлем» (1997) картиналарында ойнаған дәрігер Ян Малкольм ретінде таныс.

«Қашу жоспары 2» атыс-шабыс фильмі 4 303 200 теңге жинады. Жоба жайлы алғаш рет 2016 жылдың қазанында хабарланған. Режиссерлік орынға фильмографиясында толықметражды 10 жұмысы бар Стивен Миллер шақырылған болатын. 2017 жылы қоюшы Николас Кейдж ойнаған «Арсенал» фильмін және Брюс Уиллис қатысқан «Бірінші қылмыс» таспасын шығарған.

«Қашу жоспары 2» фильмінен көрініс
«Қашу жоспары 2» фильмінен көрініс

«Қанішер 2. Барлығына қарсы» картинасы 4 288 200 теңге көлеміндегі пайдаға кенелді. Фильм 2015 жылы жарыққа шыққан «Қанішер» таспасының жалғасы. Бірінші бөлімнің режиссері Дени Вильнёв басқа картиналардағы тығыз кестесіне байланысты сиквелмен жұмыс істей алмады. Сондықтан, қойылым итальяндық режиссер Стефано Соллимаға сеніп тапсырылды.

«Кітап клубы» комедиялық таспасы кассаны 3 435 600 теңгеге толтырды. Фильм продюсер Билл Холдермэннің режиссерлік дебюті болды, ол бұрын экранға «Лас ойындар» (2012) және «Орманмен қыдыру» (2015) таспаларын шығарған. Айта кету керек, картинаға «Оскардың» төрт иегері: Дайан Китон, Джейн Фонда, Мэри Стинберген және Ричард Дрейфус түскен.

Аутсайдерлер: «Абайлаңыз, Грамп!» - 2 542 717 теңге, «Инсомния» - 1 125 894 теңге және «Хот-дог» - 535 575 теңге.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер